САЯСАТ
2 ... минут оқылды
“Ресейге қауіп төнсе, ядролық қару қолданылуы мүмкін”
Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев елдің егемендігі мен қауіпсіздігіне елеулі әскери қатер төнген жағдайда Ресейдің алдын ала ядролық соққы беруі мүмкін екенін мәлімдеді.
“Ресейге қауіп төнсе, ядролық қару қолданылуы мүмкін”
(МҰРАҒАТ) Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев. / Reuters (Wire)
 

Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев елдің егемендігі мен қауіпсіздігіне елеулі әскери қатер төнген жағдайда Ресейдің алдын ала ядролық соққы беруі мүмкін екенін мәлімдеді.

Дмитрий Медведевтің «Мемлекеттік егемендік және ядролық қару: ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің халықаралық-құқықтық аспектілері» атты мақаласы «Мәскеу халықаралық құқық журналында» жарияланды.

Медведев мақаласында: «Мемлекетіміздің ядролық саясатының негізгі қағидаттары елге қауіп төнген немесе оған аса ауыр залал келтірілген жағдайда алдын ала ядролық соққы беруге іс жүзінде жол береді», – деп жазды. Ол Батыс елдерінің Киев билігіне ашық немесе жасырын түрде ядролық қару жеткізуі Ресейді осындай шара қабылдауға мәжбүр етуі мүмкін екенін атап өтті.

Украина мен НАТО елдері Ресейді ядролық қару қолдануға итермелейтін жағдайлар туғызып отырғанын алға тартқан Медведев Мәскеудің мұндай шешім қабылдамас бұрын келтірілген залалдың ауқымын және оған қайтарылатын жауаптың қаншалықты мөлшерлес болатынын жан-жақты саралайтынын жеткізді.

«Киев билігі мен оны қолдаушылар қауіпті жаңсақ пікірге бой алдырмауы тиіс. Жоғарыда аталған жағдайлар болса, біз ядролық қару қолдануға құқылы ғана емес, оны қолдануға міндеттіміз. Бүгінде отпен ойнап жүргендердің бәрі мұны жете түсінуі керек», – деді Медведев.

Дмитрий Медведев Украинада жүргізіліп жатқан «арнайы әскери операция» барысында Ресейдің ядролық қару қолданбағанын атап өтті. Оның айтуынша, жағдай жан-жақты сараланып, мұндай шара қабылдаудың қажеті жоқ деген шешім қабылданған. Сонымен қатар ол халықаралық құқық мемлекеттің өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында ядролық қару қолдануға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

Медведев мақаласында Вашингтонның ядролық саладағы Сауд Арабиясы мен Иранға қатысты ұстанымдарына да тоқталды. Оның пікірінше, АҚШ-тың Сауд Арабиясына қарағанда Иранның ядролық қызметіне қарсы шығуы «қос стандарттың» көрінісі.

Сондай-ақ Медведев Германияның НАТО аясындағы ядролық тежеу жүйесіне қатысуға ұмтылып отырғанын атап өтіп, мұндай әрекеттің кері салдары болуы мүмкін екенін ескертті.

Іздеу
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
Француз сарбаздар Украинада техникалық қолдау көрсетіп жүр
АҚШ барлау қызметінің басшысы Иран тарапынан төнетін қауіптің күшейгенін ескертті
Министр Курум: «COP31-де ортақ келісімге қол жеткізуді көздейміз»
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»
Трамп APEC саммиті мен үшжақты кездесуге қатысу үшін Қытайға барды
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті