Израильдіктер «TRT Haber» түсірілім тобын нысанаға алды
Тель-Авивте қызмет атқарып жүрген журналистердің еркіндігі шектелді. Тілші Мүжахит Айдемир мен оператор Самир Желлад шабуылға ұшырады.
Израильдіктер «TRT Haber» түсірілім тобын нысанаға алды / TRT Arabi
Тель-Авивте қызмет атқарып жүрген журналистердің еркіндігі шектелді. Тілші Мүжахит Айдемир мен оператор Самир Желлад шабуылға ұшырады. Израильдіктер тікелей эфирге кедергі келтірді.
Түсірілім тобы Иран зымыраны құлаған жердегі соңғы жағдайды хабарлап жатқан болатын. Барлық заңды рұқсаттың алынғанына қарамастан, журналистер нысанаға алынды. Израильдіктер хабар таратуға кедергі жасауға тырысты, соның салдарынан эфир қысқа уақытқа үзілді.
Шабуылдаушылар түсірілім тобы мінген көліктің алдын мотоциклмен бөгеп тастады. «TRT Haber» тобының аймақтан кетуіне біраз уақыт бойы мүмкіндік берілмеді.