ЭКОНОМИКА
2 ... минут оқылды
Қытай АҚШ-пен сауда соғысында соңына дейін күресетінін мәлімдеді
Пекин артып жатқан сауда шиеленісі жағдайында Трамп енгізген жаңа 100 пайыздық кедендік баж салығы мен қарымта порт алымдарын айыптады.
Қытай АҚШ-пен сауда соғысында соңына дейін күресетінін мәлімдеді
Қытай АҚШ-пен сауда соғысында соңына дейін күресетінін мәлімдеді / AP

Қытай АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытай тауарларына жаңа ауқымды баж салығы мен экспорт шектеулерін енгізу туралы мәлімдемесінен кейін, сауда соғысында соңына дейін күресуге дайын екенін айтты.

Аты-жөні аталмаған Қытай Сауда министрлігінің өкілі: «Тариф және сауда соғыстары мәселесінде Қытайдың ұстанымы әрқашан тұрақты. Егер соғысамыз десеңіздер соңына дейін соғысамыз, егер келіссөз жүргізгілеріңіз келсе есігіміз ашық», - деді.

Трамптың Қытай импортына қосымша 100 пайыздық тариф енгізу туралы шешімі Қытайдың жоғары технология мен әскери өнеркәсіп үшін аса маңызды саналатын сирек кездесетін жер элементтеріне қатысты экспорттық шектеулеріне жауап ретінде қабылданды. Трамп бұл қадамды «дұшпандық» әрі «таңғаларлық жағдай» деп сипаттады.

Қытай экспорт шектеулерін қорғап, олардың Қытай заңдарына сәйкес «заңды шара» екенін және ұлттық қауіпсіздік мүдделерінен туындағанын мәлімдеді. Министрлік мәлімдемесінде: «Жауапты ірі держава ретінде Қытай ұлттық қауіпсіздігін және халықаралық ұжымдық қауіпсіздікті берік түрде қорғап келеді», - делінді.

Соңғы шиеленіс барысында екі ел де бір-бірінің кемелеріне қарсы порттық алымдар енгізіп,шиеленісті күшейтті. Қытай сейсенбі күнінен бастап АҚШ-қа тиесілі, АҚШ-та жасалған немесе АҚШ туы бар барлық кемелерден жаңа төлемдер ала бастағанын, бірақ Қытайда жасалған немесе жөндеуге келген кемелердің бұл төлемдерден босатылатынын хабарлады.

Мемлекеттік «CCTV» телеарнасы хабарлағандай, бұл алымдар кеме кірген алғашқы портта алынады немесе жылына бес сапарға дейін қолданылады және 17 сәуірде басталған төлемге негізделеді.

АҚШ та бұған жауап ретінде Қытаймен байланысты кемелерге порттық алымдар енгізді. Вашингтон бұл қадамды Қытайдың жаһандық теңіз тасымалындағы үстемдігін азайтып, Американың кеме жасау өнеркәсібін қолдау әрекеті ретінде түсіндірді.

Трамп жұма күні жасаған мәлімдемесінде 1 қарашадан бастап барлық маңызды бағдарламалық жасақтамаға экспорттық бақылау енгізу жоспарын жариялап, Пекин сирек кездесетін жер элементтеріне қатысты шектеулерін алып тастамаса, қосымша шаралар қолданатынын ескертті.

Бұл сауда қақтығысы нарыққа теріс әсер етіп, Трамп пен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Оңтүстік Кореяда жоспарланған кездесуін уақытша тоқтатты.

Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Қытай орбитаға 10 спутник жіберді, оның сегізі жасанды интеллект спутнигі
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді