ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Лос-Анджелестегі наразылықтар АҚШ-тың басқа қалаларына да тарады
Лос-Анджелес билігі бірнеше күнге созылған наразылықтардан кейін түнде коменданттық сағат енгізіп, төтенше жағдай жариялады. Билік өкілдері халықты тарату үшін жаппай тұтқындау жүргізді.
Лос-Анджелестегі наразылықтар АҚШ-тың басқа қалаларына да тарады
/ AP
11 Маусым 2025

АҚШ-тың көптеген қаласы президент Дональд Трамптың заңсыз мигранттарға жасаған ауқымды рейдтеріне қарсы наразылық шерулерін өткізуде. АҚШ-тың екінші үлкен қаласы Лос-Анджелестің кейбір бөлігінде бес күнге жалғасқан наразылықты басу үшін түнгі коменданттық сағат енгізілді.

Лос-Анджелес полициясы түнгі коменданттық сағатқа қарамастан қала орталығына жиналған адамдарды жаппай қамауға алуды бастағанын айтты.

Лос-Анджелес полиция департаменті сейсенбі күні түнде «X» платформасында жариялаған мәлімдемесінде «Бірнеше топ қала орталығындағы коменданттық сағат аймағына кіретін «Spring» мен «Alameda» арасындағы 1-ші даңғылда жиналуда. Бұл топтарға тиісті шаралар қолданылып, жаппай тұтқындалуда. Коменданттық сағат күшінде қалады», - деді.

Федералды мигранттардың мекенжайларына жасалған рейдтердің күшеюінен туындаған бірнеше күндік наразылықтардан кейін кешкі 20:00-ден таңғы 6:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілген болатын.

Мэр Карен Басс төтенше жағдай мен коменданттық сағат вандализм, тонау және зорлық-зомбылық алаңдаушылығына байланысты қала орталығында тәртіпті сақтау үшін енгізілгенін айтқан болатын.

«Демократияға қауіп»

Қоғамдық наразылық алғаш рет жұма күні федералды агенттер Лос-Анджелестегі жұмыс орындарына рейд жасап, ондаған мигрантты қамауға алғаннан кейін өршіді.

Демалыс күндері наразылық шаралары күшейіп, демонстранттар ірі тас жолдарды жауып, көліктерді өртеді және тәртіп сақшылармен қақтығысты. Полиция газбен, резеңке оқтармен және дыбыс гранаталармен жауап берді.

АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноем дүйсенбі күні күдікті миграциялық заң бұзушылықтарға қарсы шаралар күшейтілетінін мәлімдеді. Трамп әкімшілігі шеруді заңсыз деп атады және штаттардағы Демократиялық партияның мүшелерін құжатсыз мигранттарды қорғады деп айыптады.

Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсом федералды әскери күштерді Лос-Анджелеске орналастыруды «демократияға қауіп» және «заңсыз әрекет» деп атады. Ньюсом президент Трамптың теңіз жаяу әскерлері мен Ұлттық гвардияны пайдалануы азаматтық кеңістікті милитарландыру және демократиялық нормаларды бұзу үшін жасалғанын айтты.

Жергілікті шенеуніктер бастапқы толқуларға қарамастан дүйсенбі күнгі шерулер тыныш өткенін атап өтті. Мыңдаған адам муницапалитет алдына жиналып, жүздеген адам мигранттар қамауға алынған тергеу изоляторының алдында наразылық білдірген.

Шерулер 4 миллионға жуық халқы бар Лос-Анджелес қаласының орталығында өтуде. Шерушілердің айтуынша шеру тұтқындар босатылғанша және федералды үкімет миграцияға қарсы шараларын тоқтатқанша жалғасады.

Іздеу
Түрік барлау қызметі аймақтық шиеленісті бәсеңдетуге қалай көмектесуде?
Стамбулдағы полиция бекетіне жасалған террорлық шабуылдан кейін 10 адам ұсталды
Президент Ердоған АҚШ пен Иран арасындағы бітімді құптады,«арандатушылықтардан» сақтандырды
Түркия уақытша бітімді құптайды және оның «толық жүзеге асырылуын» талап етеді
АҚШ пен Иранның келісімінен кейін мұнай бағасы төмендеп, акциялар артты
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісті, келіссөздер Исламабадта өтеді
Түркия мен Пәкістан Сыртқы істер министрлері Ирандағы соғысты талқылады
АҚШ пен Израиль Иранның Харк аралын атқылады
Иранның әуежайлары мен қалаларына әуеден шабуыл жасалды
Стамбулдағы Израиль консулдығы маңында болған қарулы қақтығыста үш террорист залалсыздандырылды
"Пәкістанның Таяу Шығыстағы бейбітшілік келіссөзіндегі рөлі "маңызды" кезеңге жақындап келеді"
Франция Иранның инфрақұрылымына жасалатын шабуылдар туралы АҚШ-қа ескерту жасады
«Израиль Иранмен соғысты тоқтатуға бағытталған барлық әрекеттерге кедергі келтіруде»
АҚШ сенаторлары: “Трамптың Иранға бағытталған қоқан-лоққылары соғыс қылмысына тең”
АҚШ пен Израиль Иранның ең ірі мұнай-химия кешенін нысанаға алды