Иран АҚШ-пен келіссөздерді жоққа шығарды

Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Тегеранның АҚШ-пен тікелей де, жанама да ешқандай келіссөз жүргізіп отырмағанын мәлімдеді.

By
Мұрағаттық сурет: Аббас Аракчи Иранның атысты тоқтатуды сұрағанын жоққа шығардыі / Reuters

Аймақтағы шиеленіс күшейген кезеңде  Аракчи делдалдар арқылы жүргізіліп жатқан байланыстың «АҚШ-пен келіссөз жүргізу дегенді білдірмейтінін» айтты.

Иран Сыртқы істер министрі Вашингтонның түрлі арна арқылы хабар жолдап отырғанын айтып, Иранның жоғары басшылығы диалогқа кіріспестен бұрын әртүрлі ұсынысты қарастырып жатқанын жеткізді.

Аракчи: «Бұл кезеңде АҚШ-пен келіссөз жүргізу ниетіміз жоқ», - деді.

Сыртқы істер министрі сондай-ақ АҚШ-тың аймақтағы әрекеттерін сынға алып, әскери базалары бола тұра Вашингтонның аймақ елдерін қорғай алмағанын әрі тұрақтылықты қамтамасыз ете алмағанын алға тартты.

Аракчи Иранның соғысты қаламайтынын және қақтығысты түбегейлі тоқтатуға күш салып отырғанын қайталады.

Иран бұған дейін соғысты тоқтатуға қатысты АҚШ ұсынған бастаманы қабылдамай, кез келген шешім тек Тегеранның өз шарттары мен мерзімге сай болуы керек екенін айтқан болатын.

Тегеран атысты тоқтатуды қабылдау үшін бес негізгі шарт белгілеген.

Олардың қатарына агрессия және қастандық деп бағаланған әрекеттерді толық тоқтату, соғыстың қайта басталуына жол бермейтін кепілдік қалыптастыру, сондай-ақ өтемақы мен келтірілген шығын үшін төлем жасау талаптары кіреді.