ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Грекия медиасында Түркия дүрбелеңі: "Еуропа Анкараға бет бұруда"
Грекиядағы "Europost-та" Еуропа елдерінің қауіпсіздік және қорғаныс мәселелерінде Анкарамен ынтымақтастықты тереңдетуі Грекия үшін "жаңа және қатал шындық" деп сипатталды.
Грекия медиасында Түркия дүрбелеңі: "Еуропа Анкараға бет бұруда"
Түркия мен Грекия тулары / User Upload

Дональд Трамп бастаған Америка Құрама Штаттарының Еуропадан біртіндеп алыстауы нәтижесінде пайда болған бос орынды Түркия толтырып жатқаны баса айтылды. Бұл жағдай еуропалық астаналарды Анкарамен тығыз жұмыс істеуге итермелеп, Түркияның геосаяси ұстанымын бұрын-соңды болмаған деңгейде нығайтты.

Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер атап өткендей, Түркия енді тек аймақтық одақтас емес, Еуропа қауіпсіздігінің негізгі акторы ретінде қабылдана бастады. Анкараның әскери қуаты мен дипломатиялық маневр жасау қабілеті Еуропалық Одақ пен НАТО ішіндегі тепе-теңдікті өзгертті.

Президент Ердоған бастаған Түркияның әрі Батыспен, әрі Ресей және Иран сияқты актерлермен диалог орната алатын жалғыз «көпір ел» болуы халықаралық дағдарыстардағы аралық рөлін бекемдеді. Украина президенті Зеленский де қабылдағандай, Түркияның аймақтағы теңгерімдік рөлінің Еуропа үшін өмірлік маңызы бар.

ҰҰА технологиясы мен “Eurofighter” қадамы тепе-теңдікті өзгертті

Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі қарқыны, әсіресе “Bayraktar TB2” сияқты ұшқышсыз ұшу аппараттарының ұрыс даласындағы жетістігі Еуропаның технологиялық таңдауына әсер етті.

Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен көтерген «Еуропалық ҰҰА қабырғасы» жобасына Түркияның әлеуетті серіктес ретінде қатысу мүмкіндігі Афинада алаңдаушылық туғызды. Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер қолдаған “Eurofighter” жойғыш ұшақтарын сату процесі және Түркияның көші-қон, энергетика мен қауіпсіздік мәселелеріндегі таптырмас рөлі Грекияның Эгей және Шығыс Жерорта теңізіндегі өз уәждерін қорғауын қиындатты.

Афина үшін қиын кезең басталды

Грек БАҚ-тарындағы талдауларға сүйенсек, Еуропаның қорғаныс саласындағы автономияға ұмтылуы аясында Франция, Германия және Ұлыбритания сияқты елдердің Анкарамен стратегиялық серіктестік орната бастауы Афинаның келіссөз жүргізу күшін әлсіретуі мүмкін. Аймақтағы тепе-теңдіктің Түркияның пайдасына жылдам өзгеруі Грекия үшін неғұрлым абайлап әрекет етуді және жаңа стратегиялық қадамдар жасауды міндетті етіп отыр.

Іздеу
Президент Ердоған Түркістан қаласына жол тартты
Президент Ердоған: «Орта дәліздің маңызы артуда»
Түркия Израильді айыптады
Президент Ердоған Қазақстанда
Халықаралық нөлдік қалдық форумы Стамбулда өтеді
Төрт айда 3,9 миллиард доллар көлемінде астық өнімдері экспортталды
Түркия Сомалиге байланысты айыптауларды жоққа шығарды
Түркия мен Бельгия қорғаныс, дипломатия және сауда салаларында ынтымақтастықты тереңдетті
Түркі мемлекеттерінің басшылары Түркістанда басқосады
Өнжү Кечели: «Түркия Армениямен сауда бастауға дайын»
Хакан Фидан Ормуз бұғазының «қару» ретінде пайдаланылмауы керектігін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Катарда
Президент Ердоған Бельгия патшайымы Матильданы қабылдады
Түркия-Бельгия бизнес форумы өтті
Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Босфор бұғазы арқылы 9 мың 195 кеме өтті
Түркия Пәкістандағы террорлық шабуылды қатаң айыптады
Ішкі істер министрі Чифтчи Түркия-Моңғолия отырысына қатысады
Хантавирус анықталған кемедегі 3 түрік азаматы Түркияға жеткізіледі
Сыртқы істер министрі Фидан Хамас делегациясымен кездесті
Президент Ердоған «Аналар күнімен»  құттықтады