ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Трамп Қорғаныс министрлігін «Соғыс министрлігі» деп атау туралы бұйрыққа қол қойды
Бұйрық Қорғаныс министрі Пит Хегсет пен оның орынбасарларына "Соғыс министрі" және "Соғыс министрінің орынбасары" сияқты қосымша атауларды қолдануға рұқсат береді.
Трамп Қорғаныс министрлігін «Соғыс министрлігі» деп  атау туралы бұйрыққа қол қойды
/ Reuters
 

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қорғаныс министрлігінің атауын «Соғыс министрлігі» деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. Бұл атау Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, Пентагонның қақтығыстарды болдырмаудағы рөлін көрсету мақсатында өзгертілген болатын.

Трамп бұйрыққа жұма күні қол қойды. «Біз Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңдік, Екінші дүниежүзілік соғыста жеңдік. Бұрын да, кейін де бәрінде жеңіске жеттік. Содан кейін біз Қорғаныс министрлігі деп өзгерттік. Енді біз қайтадан Соғыс министрлігіне ораламыз», – деді Трамп журналистерге.

Бұл АҚШ әскери күштерінің соңғы ребрендингі болып табылады. Бұған қоса, Трамп Вашингтон қаласының орталығында ерекше әскери парад өткізуге шешім қабылдады және 2020 жылғы нәсілдік әділеттілікке қатысты наразылықтардан кейін өзгертілген әскери базалардың бастапқы атауларын қалпына келтірді.

Сонымен қатар ол әскери күштерді ішкі істерде қолдану туралы дәстүрлі нормаларды қайта қолданды. Мысалы АҚШ-тың оңтүстік шекарасында иммиграцияны қатаңдату үшін әскери аймақтар құрды және Лос-Анджелес пен Вашингтон сияқты қалаларға әскер жіберді.

Ақ Үйдің мәліметіне сәйкес, бұл жарлық Қорғаныс министрі Пит Хегсетке және оның орынбасарларына ресми хат-хабарларда және қоғамдық байланыстарда «Соғыс министрі» және «Соғыс министрінің орынбасары» сияқты қосымша атауларды қолдануға рұқсат береді.

Бұл қадам Хегсетке атауды тұрақты ету үшін қажетті заңнамалық және атқарушы шараларды ұсынуға жол ашады. АҚШ-та министрлік атауын өзгерту сирек кездеседі және Конгресстің мақұлдауын талап етеді. Бірақ Трамптың Республикалық партиясы Сенат пен Өкілдер палатасында аз ғана басымдыққа ие, ал партия көшбасшылары оның бастамаларына қарсы шығуға құлықсыздық танытып отыр.

Жұма күні Юта штатының сенаторы Майк Ли, Флорида штатының сенаторы Рик Скотт және Өкілдер палатасының мүшесі Грег Стьюби атауды өзгерту туралы заң жобасын ұсынды.

АҚШ Қорғаныс министрлігі 1949 жылға дейін Соғыс министрлігі деп аталған. Бұл атау Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Армия, Әскери-теңіз күштері және Әуе күштерін біріктіру кезінде өзгертілген болатын.

Атауды қайта өзгерту қымбатқа түседі және тек Вашингтондағы Пентагон шенеуніктерінің ғана емес, бүкіл әлемдегі әскери нысандардың белгілері мен бланкілерін жаңартуды талап етеді.

Іздеу
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
Француз сарбаздар Украинада техникалық қолдау көрсетіп жүр
АҚШ барлау қызметінің басшысы Иран тарапынан төнетін қауіптің күшейгенін ескертті
Министр Курум: «COP31-де ортақ келісімге қол жеткізуді көздейміз»
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»
Трамп APEC саммиті мен үшжақты кездесуге қатысу үшін Қытайға барды
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды