ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Минск тобын тарату шешімін құптады
Түркия Сыртқы істер министрлігі бұл қадамды Армения мен Әзербайжан арасындағы бейбітшілік үдерісінің маңызды кезеңі ретінде бағалады.
Түркия Минск тобын тарату шешімін құптады
Түркия Әзербайжанды үнемі қолдайтын ел ретінде бұл таратылуды Оңтүстік Кавказдағы тұрақты бейбітшілікке бастайтын қадам деп санайды. / AA
 


Түркия Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) шамамен 30 жыл бұрын Армения мен Әзербайжан арасындағы Қарабақ қақтығысын араағайындық жолмен шешу үшін құрылған Минск тобын тарату туралы шешімін қуана құптады.

Сыртқы істер министрлігі сейсенбі күні жасалған жазбаша мәлімдемеде: «2025 жылдың 1 қыркүйегінде ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі қабылдаған Минск тобы мен оған қарасты құрылымдарды тарату шешімін құптаймыз» делінген.

Мәлімдемеде «Әзербайжан мен Арменияның бірлескен күш-жігерімен келген бұл тарихи шешім екі ел арасындағы бейбітшілік үдерісінің маңызды кезеңі» делінген.

Қарабақ қақтығысына бейбіт шешім табу үшін 1992 жылы құрылған Минск тобына Ресей, АҚШ және Франция тең төрағалық еткен болатын. Алайда топ тұрақты шешім ұсына алмады. Әзербайжан ұзақ уақыт бойы топтың таратылуын талап етіп, мұны Армениямен ресми бейбіт келісімге қол жеткізу үшін басты шарт ретінде қарастырды.

Топтың таратылуы туралы шешім 8 тамыз күні Ақ Үйде АҚШ Президенті Дональд Трамптың төрағалығымен өткен саммиттен кейін қабылданды. Саммит барысында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян бірнеше кездесу өткізді. Кейін екі елдің Сыртқы істер министрлері топтың таратылуы үшін ЕҚЫҰ-ға ортақ өтініш жолдады.

Түркия қақтығыс барысында әрдайым Әзербайжанды қолдады және бұл шешімді Оңтүстік Кавказда бейбітшілікті орнатуға бағытталған қадам ретінде бағалады.

Іздеу
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
Француз сарбаздар Украинада техникалық қолдау көрсетіп жүр
АҚШ барлау қызметінің басшысы Иран тарапынан төнетін қауіптің күшейгенін ескертті
Министр Курум: «COP31-де ортақ келісімге қол жеткізуді көздейміз»
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»
Трамп APEC саммиті мен үшжақты кездесуге қатысу үшін Қытайға барды
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды