МӘДЕНИЕТ
2 ... минут оқылды
Газалық ақын Мусаб Абу Тоха Пулитцер сыйлығын жеңіп алды
Палестиналық ақын Мусаб Абу Тоха Газадағы қырғынды терең әрі әсерлі сипаттаған эсселерімен Пулитцер сыйлығын жеңіп алды.
Газалық ақын Мусаб Абу Тоха Пулитцер сыйлығын жеңіп алды
/ Others
6 Мамыр 2025

Биылғы марапаттарда Газа, Судандағы соғыс және АҚШ президенті Дональд Трампқа жасалған қастандық әрекеті басты тақырыптардың бірі болды.

Мусаб Абу Тоха «Көзқарас» номинациясы бойынша Пулитцер сыйлығын иеленді. Пулитцер комитеті дүйсенбі күні газалық ақынды “The New Yorker” журналында жарияланған эсселері үшін марапаттады.

Комитет Абу Тоханың жазбаларын жоғары бағалап, «Газадағы физикалық және эмоциялық күйреуді терең журналистік пайыммен және шынайы естеліктермен ұштастыра отырып, Израильмен бір жарым жылдан астам уақытқа созылған соғыс жағдайында Палестина халқының тәжірибесін көркем жеткізе білді» деп атап өтті.

Абу Тоха дүйсенбі күні әлеуметтік желідегі жазбасында марқұм палеcтиналық ақын Рефаат Алаирдың өлеңінен үзінді келтіріп, алған жүлдесін «Үміт әкелсін. Бұл бір хикая болсын» – деп жариялады. Алаир 2023 жылдың желтоқсанында Израильдің Газаға жасаған шабуылы кезінде қаза тапқан болатын.

“AFP” агенттігінің Газадағы палестиналық фотографтары қоршаудағы аумақтан түсірілген «әсерлі кадрлары» арқылы жаңалық фотожурналистикасы номинациясы бойынша финалист атанып, «қырғын мен шығынға қарамастан Газа халқының бойындағы адамдық қасиеттерді бейнелегендері үшін» жоғары баға алды.

Газадағы Израильдің геноцид әрекеттері, Судандағы соғыс және АҚШ президенті Дональд Трампқа жасалған қастандық әрекеті дүйсенбі күні Нью-Йорктегі Колумбия университетінде жарияланған Пулитцер марапаттарында басты назарда болды.

АҚШ журналистикасындағы ең беделді марапат саналатын Пулитцер сыйлығы әдебиет, драма және музыка саласындағы жетістіктер үшін де табысталады.

Трампқа жасалған қастандық

2024 жылғы АҚШ президенттік науқанының негізгі мәселелері Пулитцер сыйлықтарында ерекше орын алды. Бұл Трампқа 13 шілдеде Пенсильваниядағы митинг кезінде жасалған қастандықтан кейін оның құлағынан қан аққан сәтке байланысты жарияланған жаңалықтардың марапатталуымен байланысты.

“The Washington Post” ұжымы Трамптың митинг кезінде жарақат алуы туралы «жедел әрі ағартушылық сипаттағы» жаңалықтары үшін шұғыл жаңалықтар номинациясы бойынша Пулитцер сыйлығын жеңіп алды. Ал “Reuters” агенттігі АҚШ пен шетелдерде фентанилге қатысты заңнамалық босаңдықты батыл әшкерелеген зерттеу мақаласы үшін зерттеу журналистикасы номинациясы бойынша марапатталды. Трампқа жасалған қастандық әрекетінің бейнежазбалары әлемдік ақпарат құралдарының басты тақырыбына айналды. Осы оқиға кезінде “New York Times” газетінің фотографы Трамптың басына оқтың ұшып келе жатқан сәтін түсіріп, шұғыл жаңалық фотоөнері бойынша Пулитцер сыйлығын жеңіп алды.

Судандағы қақтығыс

Халықаралық үздік журналистика номинациясы бойынша Пулитцер сыйлығы “New York Times” тілшісі Деклан Уолшқа табысталды. Ол Судандағы қанды қақтығыстар, заңсыз алтын саудасы және жергілікті қақтығыстар ортасындағы аймақтық келіссөздер туралы терең материалдар жариялаған.

Пулитцер сыйлықтарын Колумбия университеті қадағалайды. Алайда бұл мекеме қазіргі уақытта Палестинаны қолдаған көптеген наразылық шерулеріне және кейінгі қысымдарға байланысты сынға ұшырап отыр.

Қазір Газадағы Израильдің геноцидтік соғысына қарсы шерулерге қатысқан шетелдік студенттер қамауға алыну, АҚШ-тан депортациялану немесе оқудан шығару қаупімен бетпе-бет келуде.

Іздеу
Президент Ердоған ЕО Комиссиясының төрайымымен АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылын талқылады
АҚШ-Израиль әуе соққылары кезінде Иран астанасындағы Ганди ауруханасы нысанаға алынды
Хаменеидің өлімінен кейін Карачидегі АҚШ консулдығында қанды қақтығыс болды
Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін ирандықтар көшеге шықты
Иран Израиль мен Шығанақтағы АҚШ базаларын нысанаға алды
Трамп АҚШ-тың Иранда «ауқымды  операция» бастағанын жариялады
АҚШ пен Израиль Иранға шабуыл жасады
Израиль  Оңтүстік Ливандағы «Хезболла» нысаналарына соққы берді
Канада Тель-Авивтегі қызметкерлері мен Ирандағы азаматтарын шақырып жатыр
Әлемдегі ең ірі ұшақ тасымалдаушы кеме Израиль жағалауына жетті
“Anthropic” Пентагонның ЖИ қауіпсіздігін әлсірету талабына қарсы шықты
Сауда министрі Болат: «Түркияның жалпы ішкі өнімі биыл 1,6 триллион долларға жетеді»
Иран Пәкістан мен Ауғанстанға делдал болмақ
Түркия «COP31» қарсаңында кездесу өткізді
Ресей Бейбітшілік кеңесі мен БҰҰ-ның қалай үйлесетініне күмән білдірді