ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Газа секторындағы қалпына келтіру жұмыстарына қолдау көрсетуге уәде береді
Анкара халықаралық қауымдастықты бітімді қорғауға, одан әрі зорлық-зомбылықтың алдын алуға және Газа қалпына келтіру әрекеттерін қолдауға шақырады.
Түркия Газа секторындағы қалпына келтіру жұмыстарына қолдау көрсетуге уәде береді
Түркия Газа секторындағы қалпына келтіру жұмыстарына қолдау көрсетуге уәде береді / Reuters
 

Түркия Газа секторындағы "көптен күткен" атысты тоқтату келісімін құптап, халықаралық қауымдастықты бұл бітімді қорғауға және соғыс зардабын шеккен аймақта гуманитарлық көмек пен қалпына келтіру жұмыстарын қолдауға шақырды.

Түркияның БҰҰ-дағы елшісінің орынбасары Аслы Гүвен «Түркия Газа секторындағы атысты тоқтату келісімінің орнатылуын құптайды және бұл келісімді толық әрі дереу жүзеге асыруға шақырады», – деді. Ол Палестина мәселесіне арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында сөз сөйледі.

«Халықаралық қауымдастық ретінде біздің ең басты міндетіміз – бұл көптен күткен және қиындықпен қол жеткізілген атысты тоқтату келісімін кез келген жағдайда сақтау», – деді ол.

Гүвен Батыс Шерияда атысты тоқтату шарттарының бұзылуы және қоныстанушылардың зорлық-зомбылық әрекеттерін болдырмау маңызды екенін атап өтіп, «Ливан, Сирия және одан да басқа аймаққа бағытталған шабуылдар мен тұрақсыздандыру саясаты тоқтатылуы тиіс» деп ескертті.

«Таяу Шығыс ұзаққа созылған соғыс циклін көтере алмайды. Даулар күш қолдану арқылы емес, дипломатиялық келіссөздер мен диалог арқылы шешілуі керек», – деді ол.

Гүвен екінші басымдық ретінде Газа секторына гуманитарлық көмекті кедергісіз жеткізуді қамтамасыз ету және «БҰҰ және оның тиісті агенттіктерімен, соның ішінде БҰҰ-ның Босқындарға көмек агенттігімен тығыз үйлестіру арқылы қалпына келтіру жұмыстарын кідіріссіз бастау» қажеттігін атап өтті.

Іздеу
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
Француз сарбаздар Украинада техникалық қолдау көрсетіп жүр
АҚШ барлау қызметінің басшысы Иран тарапынан төнетін қауіптің күшейгенін ескертті
Министр Курум: «COP31-де ортақ келісімге қол жеткізуді көздейміз»
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»
Трамп APEC саммиті мен үшжақты кездесуге қатысу үшін Қытайға барды
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды