ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі христиан ауылында маронит католик дін қызметкерін өлтірді
Пьер әл-Рахи Израиль шабуылынан жараланған көршілеріне көмектесу барысында алған жарақаттарының салдарынан көз жұмды.
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі христиан ауылында маронит католик дін қызметкерін өлтірді
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі христиан ауылында маронит католик дін қызметкерін өлтірді / AA

Католиктік ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Израиль Ливанның шекараға жақын орналасқан әл-Клайе ауылындағы бір үйге жасаған шабуылында ливандық маронит католик дін қызметкері Пьер әл-Рахиді өлтірді.

 Деректерге сүйенсек, дін қызметкері Пьер әл-Рахи шабуыл кезінде алған жарақаттарының салдарынан қайтыс болған.

 Әл-Рахи бұған дейін басқа дін қызметкерлерімен бірге Израильдің христиан ауылы әл-Клайені босату туралы заңсыз әскери бұйрығына бағынудан бас тартқан еді.

 “OSV” жаңалық агенттігі ливандық маронит дін қызметкері Жан Юнесстің мына сөздерін келтірді:

«Дін қызметкері Пьер әл-Рахи менің туған ауылым Дибехтен еді, бірақ ол Мерджайун аймағындағы әл-Клайе ауылындағы қауымның дін қызметкері болатын».

 Шамамен 8 мың тұрғыны бар бұл маронит ауылы Израиль шекарасынан бірнеше шақырым жерде, Мерджайун аймағында орналасқан.

 Израиль әскері Ливанның оңтүстігін, Бейруттың оңтүстігін және Бекаа аңғарын бомбалап жатыр.

 Ливан медиасының хабарлауынша, Израильге тиесілі «Меркава» танкі әл-Клайе ауылындағы бір үйге екі рет оқ атқан.

 Алғашқы шабуыл кезінде үй иесі мен оның жұбайы жараланған.

 Әл-Рахи мен бірнеше көршісі жараланғандарға көмектесу үшін жүгіріп барған сәтте танк қайтадан оқ атқан.

 Дін қызметкері Израиль танкінің екінші шабуылында жараланып, кейін алған жарақаттарының салдарынан көз жұмды.

 Шабуыл кезінде бірнеше ливандық бейбіт тұрғын да жараланған.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті