ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
ЕО Газа шекарасын бақылау миссиясын қайта бастайды
27 елден тұратын блок 2005 жылы Рафах шекара өткелін бақылау үшін азаматтық миссия құрған болатын, алайда бұл миссия екі жылдан кейін тоқтатылды.
ЕО Газа шекарасын бақылау миссиясын қайта бастайды
Гуманитарлық көмек тиеген жүк көліктері Мысыр мен Газа арасындағы Рафах өткеліне кіруге дайындалуда. / AP

Еуропалық Одақтың (ЕО) Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде блоктың Газа мен Мысыр арасындағы Рафах шекара бекетін бақылау үшін азаматтық миссияны сәрсенбі күні қайта іске қосатынын айтты. Бұл шешім Газаға қатысты атысты тоқтату туралы келісімді қолдауға бағытталған.

Каллас “X” платформасында «ХАМАС келісім аясында алғашқы израильдік тұтқындар тобын босатқаннан кейін ЕО өз үлесін қосуға дайын. Бұл миссия атысты тоқтатуды қолдауда маңызды рөл атқара алады», — деп жазды.

27 мүшелі блок Рафах шекарасын бақылау үшін 2005 жылы азаматтық миссия құрған, бірақ бұл миссия палестиналық тойтарыс қозғалысы ХАМАС Газаны өз бақылауына алғаннан кейін екі жылдан соң тоқтатылған болатын.

Еуропалық Одақтың Шекараға көмек көрсету миссиясы (EUBAM) маңызды стратегиялық шекарада бейтарап үшінші тараптың қатысуын қамтамасыз етуді мақсат етеді. Миссияға Италия, Испания және Франциядан келетін полиция күштері кіреді.

Бұл миссия қаңтар айында уақытша қайта орналастырылған, бірақ наурызда қайта тоқтатылған еді.

Дүйсенбі күні тұтқындардың босатылуын қуанышпен қарсы алған Каллас Дональд Трамптың «бейбітшілік орнатуда шешуші кезеңдегі» рөлін атап өтіп, АҚШ президенті «бұл серпілісті мүмкін етті» деді.

Еуропалық комиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйен дүйсенбі күні Шарм-эль-Шейхте өткен және соғысты тоқтату туралы келісімді түпкілікті бекіткен Газа саммитін «тарихи бетбұрыс» деп атады.

Фон дер Ляйен «Блок АҚШ, Катар, Мысыр және Түркияның делдалдығымен жасалған бейбітшілік жоспарын толық қолдайды», - деп жазды.

«Қолымыздағы барлық құралмен осы жоспардың жүзеге асуына үлес қосуға дайынбыз»,- деген ол «Палестина әкімшілігінің басқару және реформалық күш-жігеріне қолдау көрсетуіне» де атсалысатындарын айтты.

Шарм-эль-Шейхтегі саммитке Еуропалық Одақ атынан Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта қатысты.

Іздеу
Оккупацияланған Батыс Шерияда израильдік қоныстанушылардың шабуылдары 63 пайыз артты
Оман жағалауында мұнай танкері шабуылға ұшырады
ЕО мен Ұлыбритания Украинаға қолдауын күшейтуде
Президент Ердоған: "Аймақта тұрақсыздыққа төзбейтінімізді досқа да, дұшпанға да жарияладық"
“Turkcell” роботтандырылған хирургиялық ота сынағын өткізді
Түркия әйелдер арасындағы волейболдан Еуропа чемпионатында Словенияны 3:1 есебімен жеңді
ЕО Украинаға 6,1 млрд еуро көлемінде әскери қолдау көрсетеді
Оман Сыртқы істер министрі Бусаиди ертең Тегеранға барады
Қазақстанда Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды
Израиль күштері Сирияның оңтүстігіне басып кірді
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті