ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған Үкімет отырысынан кейін халыққа үндеу жасады
Ердоған Израильдің Газа секторы мен Батыс Шерияда жүргізіп отырған мемлекеттік террор саясаты күн тәртібіндегі ең басты мәселелердің бірі болып қала беретінін атап өтті.
Президент Ердоған Үкімет отырысынан кейін халыққа үндеу жасады
Президент Ердоған Үкімет отырысынан кейін халыққа үндеу жасады

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған: «Адамзатқа қарсы қылмыс жасап, Газадағы 74 мың бауырымыздың қанын төккендер, Ливаннан Сирияға дейінгі аумақта террор әрекетін жүргізгендер заң алдында жауап бергенге дейін біз ұстанымымыздан таймаймыз. Ақиқатты ашық айтып, әділдікті қорғауды жалғастыра береміз», – деді.

Президент Ердоған Президенттік кешенде өткен Үкімет отырысынан кейін халыққа үндеу жасады.

Ол Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 81-сессиясына қатысу үшін 20 қыркүйекте Нью-Йоркке барғанын еске салып, биыл «Сенімді қайта қалыптастыру, өзгерісті басқару» тақырыбымен өткен жиынның екінші күнінде БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінен 16-рет сөз сөйлегенін атап өтті.

Ердоған өз сөзінде әділетті, өкілдік деңгейі жоғары, сенім мен әл-ауқат үстемдік ететін жаңа әлемдік тәртіп құруға арналған бес тармақтан тұратын ұсыныстарын халықаралық қауымдастыққа ұсынғанын айтты. Сондай-ақ Палестина, Ресей-Украина және Иран мәселелерімен қатар Түркияның айналасындағы соғыстар мен қақтығыстарды шешуге қатысты пікір білдіргенін жеткізді.

Израильдің Газа секторы мен Батыс Шерияда жүргізіп отырған мемлекеттік террор саясаты күн тәртібіндегі ең басты мәселелердің бірі болып қала беретінін атап өткен Ердоған былай деді: «Адамзатқа қарсы қылмыс жасап, Газадағы 74 мың бауырымыздың қанын төккендер, Ливаннан Сирияға дейінгі аумақта террор әрекетін жүргізгендер заң алдында жауап бергенге дейін біз ұстанымымыздан таймаймыз. Ақиқатты ашық айтып, әділдікті қорғауды жалғастыра береміз. Мына нәрсені ерекше атап өткім келеді: бүгін Түркия Республикасы әлдеқайда қуатты мемлекет. Қазіргі Түркия  ̶  бұрынғы Түркияға қарағанда болашағына үлкен үмітпен қарайтын, айналасына сенім ұялататын, достары арқа сүйейтін мемлекет. Ең маңыздысы бүгін ел ішінде мың жылдық бауырластық байланысын қайта нығайтып, көршілерімен қайта жақындасып жатқан Түркия Республикасы бар. Біз ауқымды ойлайтын, батыл қадам басатын, биік мақсаттар қойып, сол мақсаттарға табандылықпен ұмтылатын мемлекетпіз. Алланың қалауымен бұл жолды соңына дейін сабырмен жүріп өтеміз».

Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Сыртқы істер министрі CICA-ның 7-ші Саммитінде сөз сөйледі
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Президент Ердоған: "Түркия Сауд Арабиясының жанында"
Бельгия Түркиямен өнеркәсіп және инвестиция салаларында ынтымақтастықты нығайтуға шақырды
Пашинян Әзербайжанмен бейбітшілік Арменияның тұрақтылығының негізін қалайтынын айтты
"Сирия дұрыс бағытта алға жылжуда"
Президент Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады
Украина: «Зеленский президент Ердоғанның дәнекерлігімен Путинмен кездесуі мүмкін»
Коммуникация басқармасы төрағасы Дуран Израиль Қорғаныс министрі Кацтың мәлімдемелеріне жауап берді
Ибрахим Калын Сирияның Сыртқы істер министрі Шайбанимен кездесті
Түркия Мекке қорғаныс альянсына қатысты мәлімдеме жасады
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Президент Ердоғанның Палестинаға қолдауы жалғасып келеді
Түркия 2027 жылы алғашқы "HÜRSAT"  бақылау спутнигін ұшыруды мақсат етеді
Канада премьер-министрі Түркияға алғаш рет сапарлай келеді