Солтүстік Кипрде Бейбітшілік және бостандық күні атап өтілді
Солтүстік Кипр Түрік Республикасында 20 шілде – Бейбітшілік пен бостандық күні.
Солтүстік Кипрде Бейбітшілік және бостандық күні атап өтілді
СКТР 20 шілде Бейбітшілік және бостандық мерекесін атап өтуде.
 

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Мәжілісінің төрағасы Зия Өзтүрклер Кипр түрік халқына қатысты әділетсіз халықаралық саясаттың тоқтатылуы керек екенін айтып,

«Бір халықты әлемнен оқшаулау арқылы бейбітшілік орнату мүмкін емес», – деді.

Кипрдегі Бейбітшілік операциясының 52 жылдығына және 20 шілде – Бейбітшілік және бостандық күніне орай Республика Мәжілісінде салтанатты қабылдау рәсімі өтті.

Жиында сөз сөйлеген Зия Өзтүрклер Кипр түрік халқының егемендігі, Түркияның тиімді әрі нақты кепілгер мәртебесі және Солтүстік Кипр Түрік Республикасының қазіргі саяси-құқықтық мәртебесі ешқандай келіссөздің нысаны бола алмайтынын айтты.

Ол Кипр түріктерінің өткен кезеңде зорлық-зомбылықты, қуғын-сүргінді және босқындықты бастан өткергенімен, болашаққа әрдайым үмітпен қарағанын жеткізді. Өзтүрклер ең қиын кезеңдердің өзінде Түркияның әрдайым олардың жанынан табылғанын айтты.

Халықаралық қауымдастықтың енді шынайы жағдайды мойындауы қажет екенін айтқан Зия Өзтүрклер:

«Бір халықты әлемнен оқшаулау арқылы бейбітшілік орнату мүмкін емес. Кипр түрік халқына қарсы бағытталған әділетсіз халықаралық тәртіпке енді нүкте қойылуы тиіс. Ешкім де Кипр түрік халқы мәңгі осындай жағдайда қала береді деп ойламасын. Өйткені біздің әділетті күресіміз күн өткен сайын халықаралық деңгейде көбірек қолдау табуда», – деді.

Іздеу
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
Француз сарбаздар Украинада техникалық қолдау көрсетіп жүр
АҚШ барлау қызметінің басшысы Иран тарапынан төнетін қауіптің күшейгенін ескертті
Министр Курум: «COP31-де ортақ келісімге қол жеткізуді көздейміз»
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»
Трамп APEC саммиті мен үшжақты кездесуге қатысу үшін Қытайға барды
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды