ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
«Трамптың 50%-дық тарифтері елдің жалпы ішкі өнімін 0,6%-ға төмендетуі мүмкін»
АҚШ-тың Үндістан экспортына бағытталған тарифтерінің ЖІӨ-ге ықтимал әсеріне қарамастан, үкімет бірінші тоқсандағы мықты көрсеткіштердің арқасында қаржы жылы 6,3–6,8% деңгейіндегі тұрақты өсім болады деп болжап отыр.
«Трамптың 50%-дық тарифтері елдің жалпы ішкі өнімін 0,6%-ға төмендетуі мүмкін»
/ Reuters

Үндістанның Экономика жөніндегі бас кеңесшісі Ананта Нагесваран «Bloomberg TV» арнасына берген сұхбатында АҚШ Президенті Дональд Трамптың Үндістанға енгізген 50 пайыздық кедендік баж салығы елдің жалпы ішкі өнімін (ЖІӨ) биыл жарты пайызға төмендетуі мүмкін екенін айтты.

Нагесваран: «Салық мерзіміне байланысты осы жылы ЖІӨ-ге 0,5–0,6 пайыз аралығында ықпал етуі мүмкін», – деп мәлімдеді.

Украина қақтығысына шешім табуға ұмтылған Трамп Үндістанның мұнай импорты Мәскеудің соғыс әрекеттерін қаржыландыруға көмектесіп жатыр деп айыптап, өткен ай Үндістан тауарларына салынатын тарифтерді екі есеге арттырған болатын.

Әлемдегі үшінші ірі мұнай импорттаушы әрі тұтынушы Үндістанның Қаржы министрі Нирмала Ситараман өткен апта мәлімдеме жасады. Ол мәлімдемесінде экономикалық тұрғыдан тиімді болғандықтан Ресей мұнайын сатып алуды жалғастыра беретіндерін айтты.

АҚШ Халық санағы бюросының деректеріне сүйенсек, 2024 жылы АҚШ пен Үндістан арасындағы екіжақты сауда көлемі 129 миллиард долларға жетіп, АҚШ-тың сауда тапшылығы 45,8 миллиард долларды құраған.

Экспорттаушылар қауымдастығының болжамынша, тарифтер Үндістанның АҚШ-қа экспорттайтын 87 миллиард долларлық тауарларының шамамен 55 пайызына әсер етіп, бұл Вьетнам, Бангладеш пен Қытай секілді бәсекелестердің пайдасына шешілуі ықтимал.

Нагесваран үкіметтің 2026 жылдың наурызында аяқталатын қаржы жылы 6,3–6,8 пайыздық өсім болады деп болжайтынын атап өтті. Тіпті сәуір–маусым айларындағы 7,8 пайыздық кеңею соңғы бір жылдағы ең жоғары өсім көрсеткіші болған.

Іздеу
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты
Израиль сарбаздары жаралаған палестиналық көз жұмды
БҰҰ Бас хатшысы Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптады
Оңтүстік Перуде 6,7 балдық жер сілкінісі болды
Ресей Иранды келіссөзді қайта бастауға мәжбүрлемейтінін айтып, АҚШ-ты Тегеранға қарсы соғыста агрессор деп атады
Сирия мен Пәкістан өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты
Сыртқы істер министрі  Мысыр және Сауд Арабиясындағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Швейцария Ресейге қарсы санкциялардың 20-пакетін мақұлдады
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады