САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Бұрынғы ханзада Эндрю қамауға алынды
Өткен аптада жарияланған жаңа мәліметтер ханзада Эндрюдің Ұлыбританияның сауда елшісі болған кезінде құпия сақталуы тиіс құжаттарды жыныстық қылмыстары үшін сотталған Джеффри Эпштейнге жібергенін көрсетеді.
Бұрынғы ханзада Эндрю қамауға алынды
Бұрынғы ханзада Эндрю қамауға алынды / AP
19 Ақпан 2026

Полиция ханзада атағынан айырылған Эндрю Маунтбеттен-Виндзордың сауда елшісі болған кезінде қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен тұтқындалғанын хабарлады.

Ұлыбритания заңнамасына сәйкес, полиция бейсенбі күні Маунтбеттен-Виндзордың есімін ресми түрде атамады. Алайда оның тұтқындалғаны туралы сұраққа жауап ретінде полиция 60 жастан асқан ер адамның ұсталғаны туралы мәлімдемені алға тартты.

Тэмз Вэлли полициясы өз мәлімдемесінде «Тергеу аясында бүгін (19.02.2026) Норфолкта мемлекеттік қызметті асыра пайдаланды деген күдікпен 60 жастан асқан ер адамды тұтқындадық», — деді.

Мәлімдемеде «Мұқият жұмыс жүргізгеннен кейін мемлекеттік қызметті асыра пайдалану туралы айыптау бойынша тергеу бастадық. Бұл болжамды қылмысты тергеу үшін серіктестерімізбен бірге жұмыс істеп жатқан кезде тергеудің шынайылығы мен объективтілігін сақтау өте маңызды», — деп жазылған.

Сондай-ақ полиция тұтқындаудан кейін екі мекенжайда — бірі Ұлыбританияның шығысында, екіншісі астана Лондонның батысында тінту жүргізілгенін хабарлады.

Өткен аптада пайда болған жаңа деректер Эндрюдің Ұлыбританияның сауда елшісі қызметін атқарған тұста Джеффри Эпштейнге құпия құжаттар жібергенін меңзейді.

Іздеу
Ұлыбритания жаһандық мұнай қорын босатуды қолдайды
Әли Хаменейдің ұлы Моджтаба Хаменей Иранның рухани көсемі атанды
Нетаньяху Иранға қарсы соғысты қарқынды түрде  жалғастыратынын мәлімдеді
Иран америкалық әскерлерді тұтқындағанын мәлімдеді
Иран басшысы берілмейтінін мәлімдеп, көрші елдерден кешірім сұрады
Ираннан ескерту: АҚШ-Израиль соғысына араласқан Еуропа елдері «заңды нысанаға» айналады
АҚШ пен Венесуэла дипломатиялық қатынастарды қайта орнатпақ
Америкалықтардың басым бөлігі АҚШ-тың Иранға қарсы соғысын қолдамайды
АҚШ Сенаты Иранмен соғысты тоқтатуға бағытталған бастаманы қабылдамады
Испанияның премьер-министрі: «Испания соғысқа қарсы»
БҰҰ: Соғыстың алғашқы екі күнінде Тегераннан 100 мың адам кетіп қалды
Иранға қарсы АҚШ-Израиль соғысы басталғалы бері 9 000 америкалық Таяу Шығыстан қашты
«CENTCOM»: «АҚШ-тың Иранға қарсы соғысқа дайындығы өте жоғары»
Трамп АҚШ Әскери-теңіз күштеріне Ормуз бұғазымен өтетін мұнай танкерлерін қорғауды тапсырды
Израиль Ливанға жасалған шабуыл кезінде «Хезболланың» жоғары лауазымды өкілі өлтірілгенін мәлімдеді
Индонезия мен Иран сыртқы істер министрлері сөйлесті
БҰҰ: «Израиль Газаға гуманитарлық көмекті тоқтатты»
Иранда уақытша Басшылық Кеңесін құрылды
Иран көсемі Әли Хаменеи АҚШ пен Израильдің шабуылынан қаза тапты
Иран Израиль мен Шығанақтағы АҚШ базаларын нысанаға алды