САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
Дмитрий Песков Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін жариялаған Украинадағы қақтығысты тоқтату шарттары әлі де өзмегенін жеткізді.
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
(МҰРАҒАТ) Дмитрий Песков Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін жариялаған Украинадағы қақтығысты тоқтату шарттары әлі де өзмегенін жеткізді.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін жариялаған Украинадағы қақтығысты тоқтату шарттары әлі де өзмегенін айтып, «Киевке тек жауапты шешім қабылдау қажет. Сонда қақтығыс өте қысқа мерзімде аяқталуы мүмкін», – деді.

Песков Мәскеуде журналистердің күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты сұрақтарына жауап берді.

Украина президенті Владимир Зеленскийдің Бас штаб бастығын ауыстыруына қатысты пікір білдірген Песков бұл өзгеріс майдандағы жағдайға әсер етпейтінін айтты.

«Қарулы күштеріміз арнайы әскери операция аясында бүкіл майдан шебінде шабуыл әрекеттерін жалғастырып жатыр. Ал бұл ішкі толқуларға келсек, Киев режимінің іштен шайқалып жатқаны анық, мұны жай көзбен-ақ көруге болады», – деді Песков.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ресей: «Одесса портын және Украина армиясына жүк тасымалдаған кемелерді нысанаға алдық»

Песков Путиннің екі жыл бұрын қақтығысты тоқтатудың негізгі шарттарын жариялағанын еске салып, олардың әлі де өзгермегенін атап өтті.

«Бұл шарттардың барлығы әлі де күшінде. Бұл параметрлерді бүкіл әлем, соның ішінде Киев те жақсы біледі. Біз бірнеше рет айтқанымыздай, Киевке тек жауапты шешім қабылдау қажет. Сонда қақтығыс өте жылдам аяқталып, күрделі әрі маңызды келіссөздер басталуы мүмкін», – деді ол.

Песков сондай-ақ Еуропалық одақтың Ресейге қарсы 21-ші санкциялар пакеті бойынша келісімге келуде қиындықтарға тап болғаны туралы хабарларға пікір білдірді.

Песков санкциялардың осы уақытқа дейін жанама түрде Еуропаның өзіне, еуропалық салық төлеушілер мен кәсіпорындарға әсер етіп, миллиардтаған доллар көлемінде шығын келтіргенін айтты.

Сонымен қатар оның пікірінше, ендігі кезекте Еуроодаққа мүше бірқатар елдің ұлттық мүдделеріне тікелей әсер ететін санкциялар ғана қалған.

ҚатыстыTRT Қазақ - Солтүстік Корея Украина мәселесінде Ресейді қолдайтынын мәлімдеді
Іздеу
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Немрут тауына келушілер көбейді
Ресейдегі Орск мұнай өңдеу зауыты дрон шабуылынан кейін жұмысын толық тоқтатты
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Мекке келісімі ешбір елді ортақ жау ретінде қарастырмайды»
Анкарада ірі қаржылық қылмысқа қатысты операция басталды
Иран теңіздегі экологиялық залал үшін өтемақы талап етуде
АҚШ-тың Израильдегі елшісі Батыс Шериядағы еврей қоныстанушыларының «террорлық әрекеттерін» айыптады
Түркия 2027 жылы Айға өз аппаратын ұшырады
БАӘ королінің ұшағының Иранға барғаны туралы мәлімдеме
Иран АҚШ-тың Ормуз бұғазы туралы мәлімдемесін жоққа шығарды
Иранның Сыртқы істер министрінен Францияға жауап
Ресей “Telegram” мен “Google” компанияларына 26 миллион рубль айыппұл салды
Ресей президенті Путин Куриль аралдарына барды