ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Еврей қоныстанушылары басып алынған Батыс Шерияда 10 палестиналықты жаралады
Наблустың оңтүстігіндегі ауылдар өрт пен шабуылдардың нысанасына айналып, басып алынған аумақтардағы үдеп бара жатқан зорлық-зомбылық одан әрі күшейіп отыр.
Еврей қоныстанушылары басып алынған Батыс Шерияда 10 палестиналықты жаралады
Басып алынған Батыс Шерияда заңсыз израильдік қоныстанушылардың зорлық-зомбылығы 2023 жылдың қазан айынан бастап өршіп келеді.. / AP

Жергілікті дереккөздердің хабарлауынша, дүйсенбі күні таңсәріде басып алынған Батыс Шерияда Наблустың оңтүстігіндегі екі ауылға еврей қоныстанушылары жасаған шабуыл салдарынан кемінде 10 палестиналық жараланды.

Луббан ауылдық кеңесінің төрағасы Якуб Үвейс қоныстанушылардың бедуин қауымына басып кіріп, тұрғындарға шабуыл жасағанын, соның салдарынан екі адамның ауруханаға жеткізілгенін, 10 адамның жараланғанын айтты. Шабуыл кезінде үйлер мен көліктер де өртелген.

Өрт пен қақтығыс өршіп барады

Сонымен қатар израильдік қоныстанушылар Қусра қалашығына кіріп, палестиналықтарға тиесілі көлікті өртеп жіберген. Белсенді Абдүлдейім әл-Уәди ондаған жастың қарсылық көрсетіп, шабуылдаушыларды шегінуге мәжбүрлегенін білдірген.

Аталған зорлық-зомбылық оқиғалары 2023 жылғы қазаннан бері басып алынған Батыс Шерия аумағында күшейген, кісі өлтіру, жарақаттау, тұтқындау және күштеп қоныс аудартумен сипатталатын ауқымды қоныстанушы шабуылдарының бір бөлігі ретінде қарастырылып отыр.

Палестиналық биліктің дерегіне сәйкес, осы шиеленіс күшейген кезеңде 1140-тан астам адам қаза тапты, шамамен 11 750 адам жараланды және 22 000-ға жуық адам қамауға алынды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израильдің Газаға шабуылдары жалғасуда
Іздеу
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
Президент Ердоған: "Өркениетіміздің өзегінде табиғатқа деген құрмет жатыр"
БАӘ-де Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі үшжақты келіссөздер жалғасуда
Израиль Батыс Шерияда 165 мың шаршы метр Палестина жерін тәркілеуге бұйрық берді
Еуроодақ 2027 жылға арналған бюджет көлемін келісті
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Оңтүстік Корея мен Украина сыртқы істер министрлері Парижде кездесті
Иранның ықтимал шабуылдары АҚШ шенеуніктерін алаңдатып отыр
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді