ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
БҰҰ: «Әйелдердің жақындары тарапынан өлтірілу көрсеткіші әлі де жоғары»
Күн сайын 129 әйел мен қыз бала жұбайының немесе отбасы мүшесінің қолынан қаза тапқан.
БҰҰ: «Әйелдердің жақындары тарапынан өлтірілу көрсеткіші әлі де жоғары»
Күн сайын 129 әйел мен қыз бала жұбайының немесе отбасы мүшесінің қолынан қаза тапқан. / Reuters
 

2025 жылы 47 мыңға жуық әйел мен қыз баланы өздері танитын адамдар өлтірген. Бұл сағат сайын шамамен бес әйел мен қыз баланың қаза тапқанын білдіреді.

БҰҰ-ның Әйелдер мәселелері жөніндегі құрылымы мен Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы жариялаған есепке сәйкес, соңғы бірнеше жылда жұбының немесе отбасы мүшесінің қолынан қаза тапқан әйелдер мен қыз балалардың саны 45 мың мен 51 мың аралығында болған.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күніне орай жарияланған есепке сәйкес, өткен жылы әлемде 78 мың әйел мен қыз бала қасақана өлтірілген. Олардың 47 мыңы өздері танитын адамдардың қолынан қаза тапқан.

122 ел мен аумақтың статистикалық деректерін талдау нәтижесінде алынған бұл көрсеткіш күн сайын 129 әйел мен қыз баланы жұбы немесе отбасы мүшесі өлтіргенін көрсетеді.

2025 жылы әлем бойынша кісі өлтіру қылмыстары құрбандарының 19 пайызын әйелдер құраған. Олардың 60 пайызы отбасы немесе жақын қарым-қатынас аясында өлтірілген. Ал ер адамдар арасында бұл көрсеткіш 11 пайызды құраған.

Бұл мәселе әлемнің барлық аймағына тән

Өздері танитын адамдардың қолынан қаза тапқан әйелдер саны ең көп тіркелген аймақ – Африка (22 мың 100). Одан кейін Азия (15 мың 100), Америка құрлығы (7 мың 400), Еуропа (2 мың 100) және Мұхит аралдары (300) тұр.

Есепте сондай-ақ әлем бойынша кісі өлтіру қылмыстарының саны азайып келе жатқанына қарамастан, әйелдерді өлтіру көрсеткішінің, әсіресе Америка құрлығы мен Еуропада, әлдеқайда баяу төмендеп келе жатқаны атап өтілді.

БҰҰ-ның пікірінше, бұл жағдай аталған қылмыстардың қоғамда қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен гендерлік таптаурындардан терең тамыр алғанын, сондай-ақ әйелдер мен қыз балалардың әділдікке қол жеткізуіне кедергі келтіретін ерекше тосқауылдардың бар екенін көрсетеді.

Сондай-ақ есепте отбасы мен жақын қарым-қатынас аясынан тыс жерде жасалған әйелдерді өлтіру қылмыстары туралы деректердің өте аз екені айтылды. Сондықтан бұл мәселенің өңірлік және әлемдік деңгейдегі нақты ауқымын анықтау әзірге мүмкін болмай отыр.

 

Іздеу
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Газаға 25 мың адамға арналған азық-түлік жіберді
Түркияда қараша айында тұтынушылардың сенім индексі артты
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Индонезия мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі ынтымақтастықты талқылады
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
Француз сарбаздар Украинада техникалық қолдау көрсетіп жүр
АҚШ барлау қызметінің басшысы Иран тарапынан төнетін қауіптің күшейгенін ескертті