САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Түркия Нетаньяхудың мәлімдемесіне үшінші хатшы деңгейінде жауап берді
«Түркия мен президент Режеп Тайып Ердоғанға бағытталған негізсіз айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарамыз».
Түркия Нетаньяхудың мәлімдемесіне үшінші хатшы деңгейінде жауап берді
Түркия Нетаньяхудың мәлімдемесіне үшінші хатшы деңгейінде жауап берді

Түркия Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзіне Нью-Йоркте үшінші хатшы деңгейінде жауап беріп, «Түркия мен президент Режеп Тайып Ердоғанға бағытталған негізсіз айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарамыз» деп мәлімдеді.

Түркия Сыртқы істер министрлігінің үшінші хатшы деңгейіндегі жас дипломаты Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясында Түркия атынан жауап беру құқығын пайдаланып, Израиль премьер-министрі Нетаньяхудың негізсіз мәлімдемелеріне жауап берді.

Мәлімдемеде: «Түркия мен президент Режеп Тайып Ердоғанға бағытталған негізсіз айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарамыз», — деп атап өтілді.

Нетаньяху сөйлеп жатқан кезде көптеген делегацияның залдан шығып кетуінің жай әрекет емес екеніне назар аударылған мәлімдемеде:

«Бұл — қатаң дипломатиялық наразылықтың белгісі. Мұндағы ұстаным айқын: оның сөздеріне деген сенім жоғалған, жүргізіп отырған саясаты қабылданбайды және халықаралық аренадағы оқшаулануы күн өткен сайын тереңдей түсуде», — делінді.

Сондай-ақ мәлімдемеде: «Халықаралық қауымдастық соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыстар бойынша қамауға алу туралы ордер берілген және беделінен айырылған көшбасшының сөзін тыңдамайды», - делінген.

«Кез келген насихат шындықты жоя алмайды»

Нетаньяху алға тартқан шындыққа жанаспайтын мәлімдемелер Израильдің Газадағы геноцидін және оккупацияланған Батыс Шерияда, Ливанда, Сирияда және басқа аймақтарда жалғасып жатқан аяусыз шабуылдарын жасыруға бағытталған шарасыз әрі бос әрекет екені айтылды.

Мәлімдемеде кез келген насихаттың шындықты жоя алмайтыны атап өтіліп, «Мыңдаған бейбіт тұрғын қаза тапты, үйлер мен ауруханалар қиратылды, мектептер әдейі нысанаға алынды, гуманитарлық көмектің жеткізілуіне қасақана кедергі жасалды. Бұл — ұмытылмайтын әрі кешірілмейтін қылмыстар», — делінді.

«Израиль соғыс пен тұрақсыздықты күшейтіп жатқанда, Түркия бейбітшілік жолында әрекет етуде»

Мәлімдемеде жеке тұлғаға бағытталған айыптаулар мен жалған мәлімдемелер қайталанса да, даусыз шындықты өзгерте алмайтыны атап өтілді.

«Израиль соғыс, қирату мен тұрақсыздықты күшейтіп жатқанда, Түркия бейбітшілік орнатуда», — делінді.

Сондай-ақ Түркияның тұрақты бейбітшілікке жеткізетін жалғыз өміршең жол ретінде екі мемлекетті шешімді қолдауды жалғастыратыны айтылды.

«Астанасы Шығыс Иерусалим болатын, 1967 жылғы шекаралар негізінде тәуелсіз, егемен және аумақтық тұтастығы сақталған Палестина мемлекеті құрылғанға дейін Палестина халқымен біргеміз», — делінді.

Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті