ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
АҚШ Иранмен қақтығысқа қолдау білдірмеген бірқатар НАТО елінен әскери күштерін әкетпек
АҚШ-тың бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Трамп әкімшілігі Иранмен соғыс кезінде ынтымақтастық танытпаған кейбір НАТО елдерінен өз армиясын шығаруды, ал операциялық қолдау көрсеткен елдерде АҚШ күштерін арттыруды қарастыруда.
АҚШ Иранмен қақтығысқа қолдау білдірмеген бірқатар НАТО елінен әскери күштерін әкетпек
АҚШ Иранмен қақтығысқа қолдау білдірмеген бірқатар НАТО елінен әскери күштерін әкетпек / Reuters

«ABC News арнасының хабарлауынша, Трамп әкімшілігі Иранмен соғыс барысында көмек көрсетпеген кейбір НАТО одақтастарынан АҚШ әскерін шығаруды жоспарлауда.

Бейсенбі күні жарияланған ақпаратқа сәйкес, АҚШ әкімшілігінің бір өкілі Иранмен соңғы қақтығыстар кезінде операцияларға қолдау көрсетуге баяу немесе құлықсыз болған кейбір НАТО елдеріндегі АҚШ күштерін қысқарту немесе қайта орналастыру жоспарлары қаралып жатқанын айтты.

Өкілдің сөзінше, бұл қадам соғыс кезінде аз қолдау көрсеткен елдерден АҚШ күштерін көбірек көмек берген мемлекеттерге ауыстыруды қамтуы мүмкін. Алайда бұл талқылаулардың қаншалықты ілгерілегені және жоспар жүзеге асса, қай елдерге әсер ететіні әзірге белгісіз.

Бұл бастама АҚШ-тың жоғары лауазымды тұлғаларының соғыс кезінде Еуропадағы ортақ әскери базаларды пайдалану шектеулеріне қатысты сын-пікірлерінен кейін көтерілді. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио егер одақтас елдердегі базаларға операциялық қолжетімділік шектелсе, онда бұл елдерде АҚШ күштерін орналастырудың мәні жоқ екенін айтты.

НАТО Бас хатшысы Марк Рютте де одақтастардың қолдау мәселесін көтеріп, кейбір елдердің бастапқыда баяу әрекет еткенін мойындады. Алайда ол еуропалық одақтастардың кейіннен АҚШ операцияларына маңызды үлес қосқанын атап өтті.

Рютте сондай-ақ НАТО-ның стратегиялық маңызын атап өтіп, одақтың тек Еуропа қауіпсіздігі үшін ғана емес, АҚШ-ты қорғау үшін де қажет екенін айтты.

«НАТО әрине еуропалықтарды қорғау үшін құрылған, бірақ ол сондай-ақ Америка Құрама Штаттарын да қорғайды», – деді ол.

АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО-ның Иран соғысына қатысты әрекетіне бірнеше рет көңілі толмайтынын жеткізген. Трамп сәрсенбі күні Марк Рюттемен кездескеннен кейін «Truth Social» желісінде «НАТО қажет кезде жанымыздан табылмады және кейін де жанымыздан табылмайды», – деп жазды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Дональд Трамп НАТО құрамынан шығатынын айтып, ескерту жасады

Ақ Үйдің баспасөз хатшысы Каролин Ливитт бұған дейін Трамптың НАТО-ны бұл соғыста «сынақтан өтіп, сәтсіздікке ұшырады» деп бағалағанын айтқан.

Ливитт: «Соңғы алты апта ішінде НАТО-ның америкалықтарға теріс айналғаны өте өкінішті, өйткені америкалықтар олардың қорғанысын қаржыландырып отыр», – деді.

Іздеу
Бельгияда бомба туралы хабарламаға байланысты 1700 оқушы эвакуацияланды
Конго Демократиялық Республикасында Эбола індетінен 3 982 адам қаза тапты
Францияда лицей оқушыларының наразылығына байланысты 1793 адам қамауға алынды
Пәкістан Ауғанстанға әуеден соққы берді
Сирияда шағын автобусқа жасалған шабуылдан 7 адам қаза тапты
АҚШ армиясын Ирактан шығару үдерісін аяқтағанын хабарлады
БҰҰ Бас хатшысы Мьянмадағы шабуылды қатаң айыптады
“Грекия Израильден алған зымыран жүйелерін аралдарға орналастырды”
Словакияда мектепке шабуыл жасалды
Токиода толассыз жауын-шашын рекорд жаңартты
Сирияда табиғи газ құбырында өрт шықты
Иран әуе қатынасына қойылған шектеулерге шағым түсірді
Нигерияда кеншілерге шабуыл жасалды
Ресей мен Украина дрон шабуылдары үшін бір-бірін айыптады
Непал су тасқынынан кейін әлемге үндеу жасады
Польшадағы шабуылдан дін қызметкері көз жұмды
Украинада 50-ден астам азаматтық нысан зақымданды
286 күндік миссия: АҚШ теңізшілерінің психикалық жағдайы алаңдатты
Жапонияда тайфуннан қаза тапқандар саны артты
Йеменде стратегиялық Кирфан тауы үкімет күштерінің бақылауына өтті