ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Дональд Трамп НАТО құрамынан шығатынын айтып, ескерту жасады
АҚШ президенті Дональд Трамп Таяу Шығыста артқан қақтығыс пен энергетикалық дағдарыс жағдайында НАТО одағына қатаң наразылық білдіріп, одақтастарымен арадағы шиеленісті күшейтті.
Дональд Трамп НАТО құрамынан шығатынын айтып, ескерту жасады
Дональд Трамп НАТО құрамынан шығатынын айтып, ескерту жасады / Reuters
 

АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО-дағы одақтастары Иранға қарсы соғысты қолдаудан бас тартқаннан кейін АҚШ-ты НАТО-дан шығару мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді және одақтың ұжымдық қорғанысқа деген міндеттемесін қатаң сынға алды.

Трамп бұл пікірлерін сәрсенбі күні жарияланған «The Telegraph» газетіндегі сұхбатында айтты.

Соғыстан кейін АҚШ-тың одаққа мүшелігі қайта қаралып, қаралмайтыны туралы сұраққа жауап берген Трамп бұл мәселенің «қайта қараудан да ауқымды» екенін жеткізді.

«Біз әрдайым олармен бірге болдық», – деген Трамп Украинамен қатар басқа да одақтастарға көрсетілген қолдауға жауап болмағанын меңзеді. «Алайда олар бізді қолдаған жоқ», - деді.

Ормуз бұғазына байланысты келіспеушілік

Трамп бұл мәлімдемелерді Ормуз бұғазын қайта ашу әрекеттерін қолдауға күмәнмен қараған кезеңде жасады.

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ Ормуз бұғазына қатысты Иранға жаңа ескерту жасады

Трамп сондай-ақ Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен бірге негізгі одақтастарын нысанаға алды. Ұлыбританияның әскери қуатына күмән келтіріп, қорғаныс саясатын сынады.

Ал АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио да әкімшіліктің одаққа көңілі толмайтынын жеткізіп, НАТО-ны «біржақты қарым-қатынас» деп атады. Вашингтонның қақтығыстан кейін одақтағы рөлін қайта қарауы мүмкін екенін ескертті.

Іздеу
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»
Трамп APEC саммиті мен үшжақты кездесуге қатысу үшін Қытайға барды
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады