ТҮРКИЯ
3 ... минут оқылды
«Түрік тіліне қызмет-2025» марапаттары өз иелерін тапты
Түрік тілі қоғамы түрік тілінің дамуына, ғылыми және мәдени саладағы беделінің нығаюына үлес қосқан тұлғалар мен мекемелерге «Түрік тіліне қызмет» марапаттарын биыл да салтанатты түрде табыстады.
«Түрік тіліне қызмет-2025» марапаттары өз иелерін тапты
«Түрік тіліне қызмет-2025» марапаттары өз иелерін тапты / TRT Global

«Түрік тіліне қызмет» марапаттарын тапсыру рәсімі Ататүрік атындағы мәдениет, тіл және тарих жөніндегі жоғары мекеменің Ататүрік конференция залында өтті. Салтанатты жиынға Түркияның Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой, Түрік тілі қоғамы төрағасы профессор Осман Мерт, БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) Түркиядағы ұлттық комиссиясының төрағасы профессор Өжал Огуз, Ататүрік атындағы мәдениет, тіл және тарих жөніндегі жоғары мекеме төрағасы профессор Дерия Өрс және басқа да ғалымдар қатысты.

Рәсімнің басты мақсаты ˗ түрік тіліне қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан тұлғаларды бір арнаға тоғыстырып, олардың сүбелі еңбегін қоғам назарына ұсыну. Тілдік сананы қалыптастыру, түрік тілінің байлығын сақтау және оны болашақ ұрпаққа жеткізу жолында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен тұлғалар мен мекемелер осы марапаттау кешінде бас қосты.

Осы аяда түрік тілін дұрыс әрі түсінікті түрде кең аудиторияға жеткізудегі ұзақ мерзімді табысты қызметі үшін TRT Шет тілдері бөлімінің басшысы Онур Чекиджи, TRT «Түркия үні» радиосы арқылы тілді көркем әрі таза баяндау мәнерінде қоғамға танытқаны үшін бас диктор Шенер Мете, түрік тілі зерттеулеріне халықаралық деңгейде елеулі үлес қосқан профессор Эргин Жабле, түрік диалектологиясы, тіл тарихы және салыстырмалы тіл білімі салаларындағы озық еңбектерімен танылған профессор Хенрик Янковски, терминология саласындағы жетекші зерттеулері арқылы түрік тілінің ғылым тілі мәртебесіне бағыт-бағдар берген профессор Айдын Көксал, түрік тілінің цифрлануы, дыбыс технологиялары мен тіл деректерін өңдеу бағытындағы еңбектерімен қатар «TÜBA» инженерлік терминдер сөздігінің редакторы ретінде терминология саласына ерекше үлес қосқан профессор Бүлент Санкур, сондай-ақ фольклор, мәдениет тарихы және әдебиет зерттеулері арқылы түрік тілінің мәдени байлығына айрықша із қалдырған профессор Хаджи Өмер Карпуз «Түрік тіліне қызмет-2025» марапатына лайық деп танылды.

Салтанатты рәсімде Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой тілдің бір ұлттың жады ғана емес, ар-ожданы мен жүрегінің үні екенін атап өтіп, түрік тіліне қызмет етудің бір сөзді не бір сөйлемді көркемдеуден әлдеқайда кең мағынаға ие екенін, оның ұлтқа, туған жерге және ортақ мәдени қазынаға адал қызмет екенін айтты.

Министр Ерсой: «Бұл еңбек көбіне көзге көрінбейді, қошеметсіз қалады. Алайда ұмытпауымыз керек: түрік тілі жолында төгілген әрбір маңдай тер — халқымыздың ертеңіне аманат етілген ең қымбат мұралардың бірі. Түрік тіліне қызмет — үнсіз атқарылатын, бірақ құны еш өлшеммен бағаланбайтын еңбек», -деді.

Түрік тілінің Махмұд Қашқариден Юнус Емреге, Әлішер Науаидан талай дана арқылы жалғасқан терең тарихи жолмен бүгінге жеткенін еске салған Ерсой Түрік тілі институтының да Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің бастамасымен түрік тілінің тазалығы мен ғылыми дамуына өлшеусіз үлес қосқанын айтты.

Ерсой сондай-ақ марапат иелерін құттықтап, түрік тіліне арнаған елеулі еңбектері үшін ризашылығын білдірді.

«БҰЛ МАРАПАТТАР — ҚАРАПАЙЫМ АЛҒЫС ЕМЕС, ҰЛТ АЛДЫНДАҒЫ АДАЛДЫҚ БОРЫШЫНЫҢ ТАНЫМЫ»

Түрік тілі институтының төрағасы, профессор Осман Мерт салтанатты жиында сөйлеген сөзінде жыл сайын табысталатын “Түрік тіліне қызмет” марапаттары тек қарапайым алғыс қана емес, ғұмырын тілге арнаған тұлғаларға терең құрмет және адалдық борышын өтеудің нышаны екенін атап өтті.

Іздеу
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды
Министр Фидан: «Сириямен болашағымыз ортақ»
Президент Ердоған “Терроризмнен азат Түркия” жобасына қатысты мәлімдеме жасады
Ливанның оңтүстігінде болған жарылыстан екі израильдік сарбаз қаза тапты
Трамп елге заңсыз мигранттардың кіруін тоқтатқандарын алға тартты
Израильдік заңсыз қоныстанушылар палестиналықтардың үйлерін өртеп, 6 адамды жаралады
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
«Wildberries» қоймасы қайта зақымданды
Трамп «АҚШ-та оқ-дәрі қоры азайды» деген ақпаратты жоққа шығарды
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»