ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған Түркия-Мысыр Іскерлік форумына қатысты
Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған Түркия мен Мысыр арасындағы артып келе жатқан ынтымақтастықтың аймақтық тұрақтылыққа маңызды үлес қосып отырғанын мәлімдеді.
Президент Ердоған Түркия-Мысыр Іскерлік форумына қатысты
Президент Ердоған Түркия-Мысыр Іскерлік форумына қатысты / AA

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Мысырмен ынтымақтастықтың өңірлік тұрақтылыққа ықпал ететінін және Анкараның бұл мүмкіндікті инвестиция мен сауда саласында тиімді пайдаланғысы келетінін айтты.

Ердоған Каирде өткен Түркия–Мысыр Іскерлік форумының жабылуында «15 миллиард долларлық екіжақты сауда көлеміне жету жолында Мысыр президенті Әбделфаттах әс-Сисимен жұмысымызды жалғастырамыз», - деді.

Түркия президенті Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысында сауда және экономикалық қатынастардың жан-жақты талқыланғанын атап өтіп, қарым-қатынастың негізін нығайтатын және барлық саладағы ауқымын кеңейтетін келісімдерге қол қойылғанын жеткізді.

«Жаһандық экономикада бір жағынан протекционизм мен ішкі саясат күшейіп жатқан кезде, бір жағынан әл-ауқатты сақтап қалу үшін ынтымақтастықтың маңызы артып отырғаны байқалады. Барған сайын күрделенген заманда қолдауыңызбен, экономикамызды бірлесе күшейтіп, бірге өркендететінімізге шын жүректен сенемін», - деді Ердоған.

Ердоған Мысырдың 8 миллиард доллардан асатын сауда көлемімен Түркияның Африкадағы ең ірі сауда серіктесі екенін атап өтіп, «Мысырдың ең көп экспорт жасайтын елдері арасында біз 7,4 пайыздық үлеспен үшінші орындамыз, ал ең көп импорт жасайтын елдер қатарында 3,4 пайыздық үлеспен жетінші орында тұрмыз», - деді.

Ердоған Сауда министрлерінің келесі отырысы Анкарада өтетінін мәлімдеді.

Президент: «Еркін сауда туралы келісімімізді ауыл шаруашылығы өнімдерін де қамтитындай етіп жаңарту үшін жұмысты жалғастырып жатырмыз. Биыл Анкарада өткізуді жоспарлап отырған 6-шы Бірлескен комитет отырысында да осы бағытта маңызды ілгерілеуге қол жеткізуді көздейміз», - деді.

Ердоған Түркияның Мысырдағы әртүрлі саладағы шамамен 4 миллиард долларлық инвестициялары қазіргі уақытта 100 000 мысырлықты жұмыспен қамтып отырғанын да айтты.

Президент түрік компанияларының экспорттық әлеуеті жоғары салалардың көшбасшылары екенін атап өтіп, түрік мердігерлері Мысырда жалпы құны 1 миллиард доллардан асатын 27 жобаны жүзеге асырып жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ Ердоған Мысырдың «2030 көзқарасы» аясында жоспарланған 14 жаңа «ақылды қала» құрылысына түрік компанияларының да қатысатынына үміт білдіріп, түрік компанияларына деген сенімі мен қолдауы үшін Сисиге алғыс айтты.

Президент Түркияның құрылыс саласындағы технологиясы мен стандарттарын Мысырдың жұмыс күші мен тәжірибесімен ұштастыру Африка мен Азия бойынша ірі ауқымды жобаларды табысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін де ерекше атап өтті.

 

 

Іздеу
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
“Түркия мен Әзербайжан үйлесімді түрде  болашақ онжылдықтарға арналған жобаларды жүзеге асыруда”
Сомалиде Түркияны қолдау мақсатында шерулер өтті
Сомалиде Түркияның қолдауына алғыс білдіру шерулері өтті
Әзербайжан президенті Әлиев Сыртқы істер министрі Фиданмен кездесті
Ердоған: "Халқымызды қауіп-қатерден қорғадық"
Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжанға барады
Израиль баспасөзі: "Президент Ердоған Түркияны Таяу Шығыста күрделі актерге айналдырды"
Сирия-Түркия қарым-қатынастары соңғы 2 жылда үлкен серпін алды
Грек баспасөзі: «Түркияның ірі держава ретіндегі күшін елемеуге болмайды»
Түркия мен Ирак Анкарада қауіпсіздік және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Түркия «PISA»-да алғашқы бестікке енуді көздейді
Түркия мен Италия ынтымақтастықты нығайтады
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Түркия Сирияға көңіл айтты
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды