ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия мен Сауд Арабиясы “KAAN” жойғыш ұшақтарына бірлесіп инвестиция салады
Анкара мен Эр-Рияд қорғаныс өнеркәсібі саласында «маңызды» ынтымақтастық келісімдеріне қол қойды. Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның бұл серіктестікті кеңейтуге деген табандылығын білдірді.
Түркия мен Сауд Арабиясы “KAAN” жойғыш ұшақтарына бірлесіп инвестиция салады
Түркия мен Сауд Арабиясы “KAAN” жойғыш ұшақтарына бірлесіп инвестиция салады / AA

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған сәрсенбі күні Каирден қайтар жолда ұшақта жасаған мәлімдемесінде отандық өнім “KAAN” жойғыш ұшағының жоғары бағаға ие болғанын атап өтіп, Түркия мен Сауд Арабиясының қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастығын арттыратынын айтты.

Ердоған журналистерге берген сұхбатында “KAAN”-ға қатысты көптеген жақсы пікір естідік. Оның үстіне, бұл мәселеде Сауд Арабиясымен бірлескен инвестиция туралы сөз болып жатыр. Біз бұл бірлескен инвестицияны кез келген уақытта жүзеге асыра аламыз», — деді.

Ердоған Анкара мен Эр-Риядтың қорғаныс саласында «маңызды» келісімдерге қол қойғанын айтып, Түркияның бұл серіктестікті кеңейткісі келетінін жеткізді.

Иран мен АҚШ арасындағы шиеленіс туралы да сөз қозғаған президент екі ел арасындағы түйткілдер диалог арқылы шешіледі деп үміттенетінін және келіссөз үстелінің құрылуы маңызды екенін атап өтті.

Газадағы жағдайға да тоқталған президент Түркияның Газа бейбітшілік жоспарының «тиісті деңгейде» орындалуын қамтамасыз ету және аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты қайта орнату үшін белсенді рөл атқаратынын айтты.

Іздеу
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»
Индонезия Израильден атысты тоқтатуды талап етті
Израиль басып алынған Батыс Шериядағы босқын лагеріне рейд жүргізді
Сирия Сыртқы істер министрі Шайбани Түркияға келеді
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші  ̶  92,3 пайыз
Ресей Киевке ауқымды шабуыл жасады
Ресей: «НАТО мен Еуропалық одақ халықаралық терроризмнің бір бөлігіне айналды»
Ресей Киев облысында 14 адамды өлтірді
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Анкарада Ливия өкілдерімен кездесті
Украина президенті Зеленский Ресейге қарсы жаңа операцияларға рұқсат бергенін мәлімдеді
"Wildberries" 2027 жылы Қазақстанда 260 мың шаршы метрлік жаңа қойма алаңын ашуды жоспарлап отыр
Түркия Қаратеңізде шабуылға ұшыраған кемелердегі Түркия азаматтарының жағдайын жіті бақылап отыр