САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
1997 жылдан бергі Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Ядролық Қару-жарақтан азат аймақ келісімі мүшелердің атом энергиясын тек бейбіт мақсатта пайдалануына рұқсат береді.
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
/ Reuters
 

Қытай Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында ядролық қаруға тыйым салатын келісімге барлық құжаттар дайын болғаннан кейін қол қояды. Бұл туралы Малайзияның Сыртқы істер министрі мәлімдеді.

АСЕАН-ның мақсаты – Қытай, Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Ресей және Франция сияқты әлемнің ядролық державаларының келісімге қол қойып, аймақта, соның ішінде елдердің ерекше экономикалық аймақтары мен континенттік шельфтерінде ядролық қаруды қолданбауға немесе жеткізбеуге міндеттеуі.

«Қытай бұл келісімге шартсыз қол қоятынына кепілдік берді», – деді Сыртқы істер министрі Мохамад Хасан Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығы мен серіктес елдердің министрлер кездесуінде журналистерге.

Қытайдың Сыртқы істер министрлігі бұл мәлімдемеге қатысты бірден жауап бермеді. Өткен аптада Бейжің бұл келісімді толық қолдайтынын және оған бірінші болып қол қоюға дайын екенін мәлімдеген болатын.

3 шілдеде Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Бейжіңнің Оңтүстік-Шығыс Азияда ядролық қарудан азат аймақ құруды толық қолдайтынын және келісімге бірінші болып қол қоюға дайын екенін айтты.

«Біз бұл мәселе бойынша АСЕАН елдерімен байланыста болуға дайынбыз», – деді Мао Нин баспасөз конференциясында.

Қытаймен қатар Ресей де келісімге қол қоюға келісті. Ал Малайзияның мемлекеттік ақпарат агенттігі Америка Құрама Штаттары әлі де қарастыруда деп хабарлады.

Іздеу
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Газаға 25 мың адамға арналған азық-түлік жіберді
Түркияда қараша айында тұтынушылардың сенім индексі артты
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Индонезия мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі ынтымақтастықты талқылады
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
Француз сарбаздар Украинада техникалық қолдау көрсетіп жүр
АҚШ барлау қызметінің басшысы Иран тарапынан төнетін қауіптің күшейгенін ескертті