ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия Грекияның теңіз жоспарын айыптап, теңізде өз құқықтарын қорғауға уәде берді
Сыртқы істер министрлігі жабық немесе жартылай жабық теңіздердегі біржақты бастамаларға жол бермеу керектігін және халықаралық теңіз құқығы жағалаудағы мемлекеттер арасында ынтымақтастықты ынталандыратынын еске салды.
Түркия Грекияның теңіз жоспарын айыптап,  теңізде өз құқықтарын қорғауға уәде берді
/ TRT World and Agencies
 

Түркия Грекияның жаңадан жариялаған «Теңіз кеңістігін жоспарлаудың» (MSP) кейбір бөлімдерін қатаң сынға алып, бұл жоспардың Түркияның Эгей теңізі мен Шығыс Жерорта теңізіндегі теңіз юрисдикциясын бұзатынын алға тартты.

Сыртқы істер министрлігінің сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Афинаның мұндай біржақты қадамдарының Түркия үшін ешқандай заңды күші немесе салдары жоқ екені баса айтылды.

Мәлімдемеде «ЕО заңнамасына сәйкес Грекия жариялаған «Теңіз кеңістігін жоспарлауда» көрсетілген аймақтардың кейбірі еліміздің Эгей теңізі мен Шығыс Жерорта теңізіндегі теңіз юрисдикциясы аймақтарын бұзады» делінген.

Түркия диалогты жақтайтын ұстанымын қуаттады

Министрлік жабық немесе жартылай жабық теңіздерде біржақты бастамалардан аулақ болу керектігін атап өтті және халықаралық теңіз құқығының жағалаудағы мемлекеттер арасында ынтымақтастықты ынталандыратынын еске салды.

Анкараның шиеленістің артуына қарамастан диалогқа ашық екені айтылған мәлімдемеде «Осы тұрғыда Түркия Грекиямен Эгей теңізінде ынтымақтасуға әрқашан дайын» ​​делінген.

Бұрынғы әрекеттердің заңды негізі жоқ

Министрлік Грекияның бұған дейін жасаған осындай бастамалары мен күш-жігерінің де заңды негізі болмағанын мәлімдеді. Түркия соңғы бастамалардың да заңды және дипломатиялық тұрғыдан тиімсіз болатынын алға тартты.

«Бұл шешімдер мен әрекеттердің еліміз үшін ешқандай құқықтық салдары болмайды», - делінген мәлімдемеде.

2023 жылғы Афина декларациясына сілтеме

Анкара сондай-ақ екі ел арасында 2023 жылы 7 желтоқсанда қол қойылған Достық қарым-қатынастар және тату көршілік туралы Афина декларациясын еске түсіріп, бұл құжаттың екіжақты мәселелерді шешуге бағыт-бағдар беретінін мәлімдеді.

«Түркия мәселелерді халықаралық құқық, теңдік және тату көршілік негізінде шешу үшін шынайы және жан-жақты көзқарастың қабылдануы керек деген ұстанымын сақтайды», - деді.

Түркия өзінің теңіз жоспарын ұсынады

Грекияның бұл жоспарына жауап ретінде Түркия өзінің теңіздегі кеңістік жоспарлауын ЮНЕСКО мен БҰҰ-ның тиісті органдарына ұсынатынын мәлімдеді. Бұл жоспар Түркияның теңіздегі талаптарын көрсетуді және Грекияның шектен шығуына қарсы тұруды мақсат етеді.

Іздеу
Террорлық ұйым Ирактың солтүстігіндегі Хакуркта тағы 14 мекенінен шықты
Индонезиядағы өрт: 24 адам қайтыс болды, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Газаға 25 мың адамға арналған азық-түлік жіберді
Түркияда қараша айында тұтынушылардың сенім индексі артты
АҚШ «Украинаның Ресейге жер беріп, НАТО-ға мүше болуы» идеясын күн тәртібіне әкелді
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Индонезия мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі ынтымақтастықты талқылады
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті