ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Берлиннің Лихтенберг ауданындағы ауруханада палаталадың бірінде шыққан өрт салдарынан 15 адам зардап шекті.
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
МҰРАҒАТ. Берлиндегі қосалқы электр станциясындағы өрт. / Anadolu Agency (Wire)
 

Берлиннің Лихтенберг ауданындағы ауруханада жексенбіге қараған түні науқастар палаталарының бірінде шыққан өрт салдарынан 15 адам зардап шекті. Бір кісінің жағдайы өте ауыр екені хабарланды.

Билік өкілдерінің мәліметінше, өрт аурухана ғимаратының бір бөлігінің бірінші қабатында басталған. Түтін ғимараттың басқа бөліктеріне тез таралуына байланысты ғимараттағы адамдар толық эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер жалынды сөндіру және ғимаратты тексеру үшін оқиға орнына жетті.

Берлин өрт сөндіру қызметінің мәлімдемесінде: «Өміріне қауіп төніп тұрған бір адам мен ауыр жарақат алған тағы бір адам шұғыл медициналық қызметкерлердің бақылауымен басқа ауруханаларға жеткізілді. Ал 13 адам жеңіл жарақат алып, оларға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді», – делінген.

Өртті сөндіріп, ғимаратты желдеткен өрт сөндірушілер оқиға орнын полиция қызметкерлеріне тапсырды. Полиция өрттің шығу себептерін анықтау үшін тергеу бастады.

Әзірге қосымша мәлімет жарияланған жоқ.

Дереккөз: Берлин өрт сөндіру қызметі

Іздеу
Трамп APEC саммиті мен үшжақты кездесуге қатысу үшін Қытайға барды
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі