САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Зохран Мамдани Нью-Йорктегі праймеризде тарихи жеңіске жетті
Нью-Йорк штатының бұрынғы губернаторы Эндрю Куомо мен Куинстен депутат Зохран Мамдани Нью-Йоркті шайқалтқан және қаланың болашағын айқындауы мүмкін саяси додада қарсылас болды.
Зохран Мамдани Нью-Йорктегі праймеризде тарихи жеңіске жетті
/ AP

33 жастағы демократиялық социалист Зохран Мамдани Нью-Йорктегі Демократиялық партияның праймеризінде жеңіске жетті. Егер сайланса, қаланың алғашқы мұсылман мэрі болмақ.

Оның басты қарсыласы, Нью-Йорктің бұрынғы губернаторы Эндрю Куомо нәтижелерді қабылдап, «Бүгін оның түні. Ол бұған лайық. Ол жеңді», - деді.

Көптеген сарапшы праймеризде ешбір үміткердің басым дауыс жинай алмауына байланысты нәтижесі реттелген таңдаулар жүйесі бойынша анықталады деп күткен болатын.

Мамданидің сайлау науқанының менеджері Элле Бисгаард-Черч: «Әлдеқайда жақсы, әрі қол жетімді болашаққа деген көзқарасымыздан шабыт алып, сайлауда рекордтық дәрежеде дауыс берген барлық бес аудандағы сайлаушыларға шексіз алғысымызды білдіреміз», - деді.

Куинстің 33 жастағы депутаты Мамдани бұған дейін аса танымал емес еді, алайда вирус секілді таралған науқандар мен жастар бастамасымен құрылған прогрессивті қозғалыстың арқасында саяси ортаны таңғалдырды.

Мамданидің жетістігі бес аудан тысында да резонанс тудырды. Оның батыл платформасы мен ашық солшыл ұстанымы жоғары деңгейде талқылануда.

Үш мерзім штат депутаты болған Мамдани жас сайлаушылардан кең қолдау алса да, шектеулі тәжірибесі, полиция мен тұрғын үй саясатына қатысты ұстанымдары және Израильге қатысты ашық пікірлері үшін кейбір сайлаушылар тарапынан сынға ұшырады.

Сайлаушылар аптап ыстық кезінде дауыс берді. Сауалнамалар Зохран Мамданидің 67 жастағы бұрынғы губернатор Эндрю Куомоны басып озғанын көрсетті.

Республикалық партия алдын ала сайлау өткізбей, 2021 жылғы Республикалық партия үміткері Кертис Слиуаны тағы да кандидат ретінде ұсынды.

2025 жылдың 4 қарашасында өтетін мэр сайлауы Кертис Слиуа, Зохран Мамдани және екінші рет тәуелсіз үміткер ретінде бақ сынап жатқан Эрик Адамс арасында өтпек.

Іздеу
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Иран АҚШ-қа қарымта шабуыл жасайтынын мәлімдеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды