ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Жевдет Йылмаз: «Түркия инвестициялық ортаны күшейтуде»
Вице-президент Жевдет Йылмаз Түркияның инвестиция және өнеркәсіп салаларында тұрақты әрі сенімді серіктес ретінде ерекшеленіп отырғанын айтты.
Жевдет Йылмаз: «Түркия инвестициялық ортаны күшейтуде»
Жевдет Йылмаз: «Түркия инвестициялық ортаны күшейтуде» / AA
 

Оның айтуынша, Түркия жаһандық белгісіздік жағдайында сенімді әрекет етіп, инвестициялық ортаны күшейту үшін жаңа құқықтық және қаржылық шараларды іске асыруда.

Йылмаз Анкарада өткен «Түркия ғасыры: Инвестиция үшін қуатты орталық» атты жиында сөз сөйлеп, билік өкілдерінің Режеп Тайып Ердоған жариялаған бастамаларды халыққа түсіндіру үшін жиналғанын айтты.

Ол жаһандық экономикада белгісіздік артып, көптеген аймақта геосаяси шиеленіс күшейгенін атап өтті. Иран мен Израиль арасындағы жағдайдың ушығу қаупі және АҚШ онсыз да әлсіз жағдайға қосымша қысым болып отырғанын және бұл үдерістердің энергия нарығына, сауда жолдарына және жаһандық қаржылық ахуалға тікелей әсер етіп жатқанын жеткізді.

Йылмаз мұндай күрделі жағдайда төзімділік пен өндірістік қуат инвестиция бағыттарын айқындайтын басты факторларға айналғанын атап өтті.

Оның сөзінше, Түркия бұл кезеңді сенім мен тәртіп арқылы басқарып, үкімет нарықтың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдаған.

Йылмаз елдің макроэкономикалық тұрақтылықты сақтап, өндірістік базасын күшейтіп, тұрақты өсім бағытын жалғастырып жатқанын айтты.

«Бүгінде Түркия инвестиция мен өнеркәсіп үшін тұрақты әрі сенімді серіктес ретінде алға шығып отыр», - деді ол.

Сондай-ақ елдің қуатты өнеркәсіп инфрақұрылымы және дамыған логистикасы инвесторларға бәсекеге қабілетті әрі қалыптасқан орта ұсынатынын жеткізді.

Йылмаз Түркияның Еуропа, Азия және Таяу Шығыстың түйіскен тұсындағы стратегиялық тұғыры жаһандық жеткізу тізбектері қайта қалыптасып жатқан кезеңде үлкен артықшылық беретінін атап өтті.

Сөз соңында ол: «Еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және инвестициялық ортаны нығайту үшін жаңа құқықтық, әкімшілік, қаржылық және институционалдық реформаларды жүзеге асырып жатырмыз», - деді.

Іздеу
Террорлық ұйым Ирактың солтүстігіндегі Хакуркта тағы 14 мекенінен шықты
Индонезиядағы өрт: 24 адам қайтыс болды, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Газаға 25 мың адамға арналған азық-түлік жіберді
Түркияда қараша айында тұтынушылардың сенім индексі артты
АҚШ «Украинаның Ресейге жер беріп, НАТО-ға мүше болуы» идеясын күн тәртібіне әкелді
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Индонезия мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі ынтымақтастықты талқылады
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті