САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Германия канцлері Мерц Путинді «Украинадағы соғысты тоқтатуға» шақырды
Германия канцлері Фридрих Мерц Украинаға ынтымақтастық сапары барысында Киевте Ресей президенті Владимир Путинді «соғысты тоқтатуға» шақырды.
Германия канцлері Мерц Путинді «Украинадағы соғысты тоқтатуға» шақырды
Германия канцлері Фридрих Мерц Киевте
 

Киевте Украина Мемлекет басшысы Владимир Зеленскиймен кездескен Германия канцлері Фридрих Мерц Ресей президенті Путинге үндеу тастап, «Бұл мағынасыз соғысты тоқтатыңыз. Соғыстың аяқталуы бойынша келіссөз жүргізуге дайынбыз, алайда Украинадағы бейбіт халыққа бағытталған бұл варварлық шабуылдар тоқтатылуы тиіс», — деген сөздерді қолданды.

Мерц Киевте болып жатқан оқиғалардың соғыстың Украинадағы күнделікті өмірге тигізіп жатқан әсерін көрсететініне назар аударып, «Бұл жерде күн сайын әскери қылмыстар жасалып жатыр», — деді.

Мыңдаған тосқауыл қоюшы дронның тапсырылуы күтілуде

Германия үкіметінің жоспарына сәйкес, Украинаға шамамен 1 миллиард еуро сомасында әскери қолдау көрсетіледі. Осы шеңберде Ресейдің әсіресе жылдам шабуылдаушы дрондарына қарсы қолданылатын мыңдаған тосқауыл қоюшы дронды жеткізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Ресейдің майдан артындағы қамтамасыз ету желілеріне қарсы қолданылуы мүмкін алысқа жететін қару-жарақ өндірісін жеделдету көзделуде.

Германия Украинамен бірлескен қару-жарақ пен ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіруді дамыту бойынша да ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек Ресей шабуылдарында қираған электр станцияларын жөндеу және қайта салу үшін 350 миллион еуро бөлінеді. Осылайша жарияланған жаңа әскери және энергетикалық қолдаудың жалпы көлемі 1,35 миллиард еуроға жетеді.

Германия Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғаннан бері Киевтің ең маңызды қолдаушыларының қатарында келеді. Германияның осы уақытқа дейін Украинаға көрсеткен жалпы көмегі 43 миллиард еуродан асты.

Іздеу
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Газаға 25 мың адамға арналған азық-түлік жіберді
Түркияда қараша айында тұтынушылардың сенім индексі артты
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Индонезия мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі ынтымақтастықты талқылады
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
Француз сарбаздар Украинада техникалық қолдау көрсетіп жүр
АҚШ барлау қызметінің басшысы Иран тарапынан төнетін қауіптің күшейгенін ескертті