САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Ресей мен АҚШ сыртқы істер министрлері Украина дағдарысын талқылады
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен кездесіп, Украина дағдарысын талқылады.
Ресей мен АҚШ сыртқы істер министрлері Украина дағдарысын талқылады
Лавров пен Рубио Филиппинде өткен ASEAN кездесулері аясында кездесті.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен кездесіп, Украина дағдарысын талқылады.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Лавров пен Рубио Манилада өткен Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының (ASEAN) іс-шаралары аясында кездесті.

Кездесу барысында Украинадағы жағдай талқыланды. Лавров америкалық әріптесіне майдан шебіндегі нақты ахуал туралы ақпарат беріп, «Еуропа елдерінің Киев билігін қарумен қолдау арқылы Ресейді стратегиялық тұрғыдан жеңіліске ұшыратуға бағытталған тұрақсыздық туғызатын саясаты қабылдауға болмайды» деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»

Сондай-ақ Лавров Ресей тарапы мәселені саяси және дипломатиялық жолмен шешуге ашық екенін және 15 тамызда Аляскада өткен саммитте қол жеткізілген уағдаластықтарды ұстанатынын растады.

Кездесуде өңірлік және халықаралық мәселелер де талқыланып, тараптар Парсы шығанағындағы жағдай жөнінде пікір алмасты.

Екіжақты қарым-қатынасты жақсарту үдерісі де күн тәртібіне шығарылып, Ресей мен АҚШ-тың дипломатиялық өкілдіктерінің жұмыс жағдайын жақсарту мәселесі қаралды.

Лавров пен Рубио Ресейдің «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы мен АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) арасындағы байланыстардың қайта жанданғанын құптап, екі ел парламенттері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қолдау білдірді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ресей Киевте екі адамды өлтірді
Іздеу
Папа 14. Лео Израильдің палестиналықтарға қатысты зорлық-зомбылығын тоқтатуға шақырды
Эбола індеті Конго Демократиялық Республикасындағы ең қауіпті індетке айналды
Украинаның зымыран шабуылында Белгород облысында 6 адам қаза тапты
Түркияның қыздар волейбол құрамасы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Трамп Мекке бірлескен қорғаныс келісіміне қол қойылғанына өте қуанышты екенін мәлімдеді
Түркия Пәкістанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мәрмәр теңізі аймағындағы жер сілкінісінде қаза тапқандар Яловада еске алынды
Белсенділер Израиль қоршауындағы отбасыларға қажетті заттарды жеткізіп үлгерді
Министр Фидан Мысырға жасаған сапары туралы мәлімдеме жариялады
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Түркияның теміржол желісі кеңейді
Президент Ердоған: «Мүмкіндіктерге назар аударып, жолымызды табандылықпен жалғастырып келеміз»
Ұлттық Қорғаныс министрлігі Бейбітшілік операциясының 52 жылдығын атап өтті
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты