САЯСАТ
1 ... минут оқылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранның әскери мүмкіндіктерін нысанаға алған соңғы шабуылдар елдің әскери әлеуетін әлсіретуді көздейтінін мәлімдеді.
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады / AFP

Аймақтағы қақтығыс шиеленіскен тұста Америка Құрама Штаттары Иранның әскери нысандарына қарсы жаңа шабуылдар легін бастады.

АҚШ Орталық қолбасшылығының мәлімдемесінде: «Бүгін АҚШ-тың шығыс уақыты бойынша сағат 17:30-да америкалық күштер Жоғарғы бас қолбасшының нұсқауымен Иранның әскери нысандарына шабуылдады», – делінген.

«Операция Иранның бейбіт теңізшілерге және аймақтағы су айдыны арқылы өтетін сауда кемелеріне қауіп төндіру мүмкіндігін одан әрі әлсіретуге бағытталады», – деп жазды  АҚШ Орталық қолбасшылығы «X» әлеуметтік желісінде.

Сондай-ақ Кувейттің әуе қорғаныс күштері Ираннан ұшырылған дрондардың шабуылына тойтарыс беру үшін әрекетке кірісті.

Елдің Қарулы күштері Бас штабының хабарлауынша, естілген жарылыс дыбыстары дрондардың әуеде жойылуына байланысты болған.

«Барша азаматтарды өкілетті органдардың қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларын сақтауға шақырамыз», – делінген әскери мәлімдемеде.

АҚШ пен Израиль ақпан айының соңында Иранға бірлескен шабуыл бастағаннан бері аймақтағы шиеленіс күшейе түсті.

Өткен айда АҚШ пен Иран Пәкістанның араағайындығымен қақтығысты тоқтатуға және тұрақты бейбіт келісімге қол жеткізуге бағытталған келісімге қол қойған еді. Алайда өткен апта Ормуз бұғазына байланысты жағдай қайта ушығып, екі тарап бір-бірінің шабуылдарына қарымта соққылармен жауап берді.

АҚШ Қорғаныс министрлігінің дерегінше, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға шабуыл бастағаннан бері 18 америкалық әскери қаза тауып, 447-сі жараланған.

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс күшейді: Тегеранда әуе қорғаныс жүйелері іске қосылды

 

Іздеу
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды
Министр Фидан: «Сириямен болашағымыз ортақ»
Президент Ердоған “Терроризмнен азат Түркия” жобасына қатысты мәлімдеме жасады
Ливанның оңтүстігінде болған жарылыстан екі израильдік сарбаз қаза тапты
Трамп елге заңсыз мигранттардың кіруін тоқтатқандарын алға тартты
Израильдік заңсыз қоныстанушылар палестиналықтардың үйлерін өртеп, 6 адамды жаралады
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
«Wildberries» қоймасы қайта зақымданды
Трамп «АҚШ-та оқ-дәрі қоры азайды» деген ақпаратты жоққа шығарды
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды