ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс күшейді: Тегеранда әуе қорғаныс жүйелері іске қосылды
АҚШ Орталық қолбасшылығы соңғы операцияның Иранның Ормуз бұғазындағы коммерциялық кемелерге қауіп төндіруге байланысты әскери мүмкіндіктеріне бағытталғанын мәлімдеді.
АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс күшейді: Тегеранда әуе қорғаныс жүйелері іске қосылды
АҚШ Иранға қатарынан 11 түн бойы соққы беруді жалғастыруда. / Reuters

Таяу Шығыстағы қақтығыстардың күшеюіне байланысты АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Ирандағы әскери нысандарға 11-түн қатарынан шабуыл жасағанын хабарлады.

Қолбасшылық “X” әлеуметтік желісінде жасаған мәлімдемесінде: «CENTCOM күштері бүгін Шығыс уақыты бойынша сағат 19:00-де Ирандағы әскери нысандарға 11-түн қатарынан шабуылды жалғастырды. Шабуылдардың мақсаты – Иранның Ормуз бұғазындағы коммерциялық кемелерге қауіп төндіру мүмкіндігін әлсірету», – деді.

Мәлімдемеден кейін “Fars” ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның солтүстік-батысындағы Тебриз қаласының оңтүстігінде бірнеше жарылыс дауысы естілген.

Сондай-ақ “Fars” агенттігі Иран астанасы Тегеранның шығыс бөлігінде әуе қорғаныс жүйелері іске қосылғанын хабарлады.

Пентагон америкалық сарбаздың қаза тапқанын растады

Сонымен қатар Пентагон сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде «жау» Иорданиядағы әскери базаға жасаған шабуылдан кейін бұрын із- түссіз жоғалған деп жарияланған америкалық сарбаздың енді ұрыс барысында қаза тапты деп есептелетінін мәлімдеді.

Қорғаныс министрлігі: «Нью-Йорк штатының Озон-Парк ауданынан шыққан 28 жастағы сержант Энджел С. Рэмперсад 2026 жылы 17 шілдеде Иорданиядағы Муваффақ Салти әуе базасына жасалған жау шабуылы кезінде ұрыс барысында қаза тапты деп есептеледі», – деп хабарлады.

Оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны айтылды.

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ Иранға қайта шабуылдады
Іздеу
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды
Министр Фидан: «Сириямен болашағымыз ортақ»
Президент Ердоған “Терроризмнен азат Түркия” жобасына қатысты мәлімдеме жасады
Ливанның оңтүстігінде болған жарылыстан екі израильдік сарбаз қаза тапты
Трамп елге заңсыз мигранттардың кіруін тоқтатқандарын алға тартты
Израильдік заңсыз қоныстанушылар палестиналықтардың үйлерін өртеп, 6 адамды жаралады
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
«Wildberries» қоймасы қайта зақымданды
Трамп «АҚШ-та оқ-дәрі қоры азайды» деген ақпаратты жоққа шығарды
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды