САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Түркия мен Испания жаһандық наразылық білдіруге шақырды
Сыртқы істер министрлері Фидан мен Альбарес Израильдің флотқа жасаған заңсыз операциясы бейбіт тұрғындардың өміріне қауіп төндіретінін және халықаралық құқықты бұзатынын баса айтты.
Түркия мен Испания жаһандық наразылық білдіруге шақырды
Түркия мен Испания жаһандық наразылық білдіруге шақырды / AA

Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Түркия мен Испанияның сыртқы істер министрлері Хакан Фидан мен Хосе Мануэль Альбарес Буэно телефон арқылы сөйлесіп, Израильдің Газаға көмек флотына жасаған заңсыз әрекетіне қарсы «халықаралық қауымдастықтың ортақ ұстаным танытуы» қажеттігін атап өтті.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Өнжү Кечели бейсенбі күні Хакан Фидан мен Хосе Мануэль Альбарес арасындағы телефон әңгімесінен кейін мәлімдеме жасады. Ол «Телефонда халықаралық су айдынында жүзіп бара жатқан «Жаһандық Сумуд флотына» Крит жағалауында Израиль күштері тарапынан жасалған заңсыз операцияның әртүрлі ұлттардан тұратын көптеген бейбіт азаматтың өмірін қатерге тіккені және халықаралық құқықты бұзғаны атап өтілді», — деді.

Кечели екі министрдің «халықаралық қауымдастықтың бұл заңсыз әрекетке қарсы бірлескен ұстаным ұстануы керектігіне» тоқталғанын да қосып өтті.

Израиль әскери-теңіз күштері сәрсенбі күні кешке Газаға қарай бағыт алған және аймақтағы ұзаққа созылған блокаданы бұзуды мақсат еткен флот кемелерін тоқтатты. Топтың мәлімдеуінше, Израиль күштері Крит аралы маңындағы халықаралық су айдынында конвойды қоршауға алып, байланысты үзген және бірнеше кемені тәркілеген.

Газаға гуманитарлық көмек тасымалдаған флот Израиль блокадасын бұзуды және теңіз арқылы гуманитарлық дәліз ашуды көздейді. Бұл әрекет израильдік БАҚ-тың «Израиль әртүрлі елден келген 100-ге жуық белсендіні тасымалдайтын және жалпы саны 100-дей қайықтан тұратын флотты тоқтатуға дайындалып жатыр» деген хабарынан бірнеше сағат өткен соң болды.

Іздеу
Оңтүстік Корея Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастықты мұқият бақылауда
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Шара: «Президент Ердоған Сирияға қарсы санкцияларды жоюға араағайын болды»
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
Иран президенті Ирак премьер-министрімен кездесті
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды