ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған құрбан айтқа орай бейнеүндеу жариялады
Президент Ердоған: «Өңіріміз соғыс пен дағдарыстың құрсауында қалған осынау кезеңде Түркия экономикасы, инфрақұрылымы, тәжірибелі мекемелері, кәсіби мамандары және ең бастысы ішкі бірлігінің арқасында тұрақтылықтың тірегіне айналып отыр», – деді.
Президент Ердоған құрбан айтқа орай бейнеүндеу жариялады
Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған құрбан айт мерекесіне орай бейнеүндеу жариялады.

«Осы қасиетті күн елімізге, халқымызға, ислам әлеміне және барша адамзатқа жақсылық пен береке әкелсін!», – деді президент.

Сондай-ақ ол өңірдегі жағдайға тоқталып, «Ислам әлемі бейбіт әрі тыныш кезеңге қадам басқан шақта, өңіріміз бен әлем күрделі сынақтарды бастан өткеруде. Израиль атысты тоқтату келісіміне қарамастан Газа, Батыс Шерия, Шығыс Иерусалим және Ливанда басқыншылық, жою және заңсыз қоныстандыру саясатын жалғастыруда. Израильдің арандатуынан туындаған соғыстың салдары энергетика, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік, экономика және қауіпсіздік салаларында айқын сезілуде», – деді.

«Түркия тұрақтылық аралы ретінде ерекшеленіп отыр»

«Өңіріміз соғыс пен дағдарыстың құрсауында қалған осынау кезеңде Түркия экономикасы, инфрақұрылымы, тәжірибелі мекемелері, кәсіби мамандары және ең бастысы ішкі бірлігінің арқасында тұрақтылықтың тірегіне айналып отыр», – деген президент сөзін былай жалғастырды: «Сын-пікірлер мен кедергілерге қарамастан, соңғы 23 жыл бойы жүргізген саясатымыздың жемісін барлық салада, әсіресе қорғаныс өнеркәсібінде көріп отырмыз. Экономика көлемі 238 миллиард доллардан 1,6 триллион доллардан астам деңгейге жетті. Жылдық экспорт көлемі 36 миллиард доллардан 276 миллиард долларға дейін өсті. Қорғаныс және авиация саласының экспорты 248 миллион доллардан 10 миллиард долларға жетті. Осылайша Түркия теңдессіз жетістікке қол жеткізіп отыр», – деді.

Ердоған Түркияның терроризммен күрестегі ұстанымына да тоқталып, «Айналамыздағы дүрбелең басылғаннан кейін, Алланың қалауымен, Түркия жаңа кезеңнің жарқын жұлдыздарының біріне айналады. Біз бұл үшін бәрін жасап жатырмыз. Еліміздің болашағы мен өңіріміздің тұрақтылығы үшін стратегиялық маңызы зор «Террорсыз Түркия»  үдерісі – соның айқын көрінісі. Ел ішінде тыныштық пен қауіпсіздіктің нығаюына, ал шекарадан тыс жерде империалистік жоспарлардың жолын кесуге ықпал ететін бұл тарихи үдерісті біз үлкен жауапкершілікпен және шынайы ниетпен табанды түрде жүзеге асырып келеміз. Түркия экономикасына 2 триллион доллардан астам шығын әкелген осы кесапаттан халқымызды құтқаруға деген ұстанымымыз берік. Біз өз жолымызбен сенімді әрі қарқынды түрде алға жылжып келеміз», – деді.

Іздеу
ДАИШ-тің 10 содыры Түркияға жеткізілді
Сауд Арабиясы қажылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дрон мен жасанды интеллектіні қолдануда
"NASA" Марстың сирек кездесетін суреттерін жариялады
Емине Ердоған: «Түрік асханасы – ең бірегей мәдени елшіміз»
АҚШ Украинаға 108,1 миллион долларлық “Hawk” зымыран жүйесінің жабдықтарын сатпақ
Израиль Сирияның оңтүстігіне шабуылдады
Эверест шыңын бір күнде 274 альпинист бағындырды
Газада қаза тапқандар саны 72 мыңнан асты
Қазақстанда І Баку Түркология құрылтайының 100 жылдығына арналған симпозиум басталды
Иран футбол құрамасы АҚШ визасына өтініш берді
Сот РХП құрылтайын жарамсыз деп танып, Кылычдароғлу әкімшілігі партия басшылығына қайта оралды
Израиль депортациялаған белсенділер Түркия арқылы елдеріне оралуда
Президент Ердоған «EFES-2026» әскери оқу-жаттығуына қатысты
Зеленский Ресейдегі Сызран мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасалғанын мәлімдеді
«Жаһандық Сумуд» флотындағы белсенділер бүгін Түркияға жеткізіледі