САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Иран бес араб елін «халықаралық міндеттемелерді бұзды» деп айыптады
Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Катар және Иорданияны АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылдарына жағдай жасап, «халықаралық міндеттемелерді бұзды» деп айыптады.
Иран бес араб елін «халықаралық міндеттемелерді бұзды» деп айыптады
Иранның БҰҰ-дағы Елшісі Әмір-Саид Иравани 2026 жылы 10 наурызда Нью-Йорк қаласында. / Reuters Archive

Иран Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн, Катар мен Иорданияны АҚШ пен Израильдің жасаған шабуылдарына қатысы бар деп айыптап, бұл елдерден өтемақы талап етті.

Дүйсенбі күні Иранның БҰҰ жанындағы елшісі Әмір Саид Иравани БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш пен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Жамал Фарес әл-Рувайиге жолдаған хатында аталған мемлекеттер АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы шабуылдарына мүмкіндік беру арқылы «халықаралық міндеттемелерін бұзды» деп мәлімдеді. Иравани бұл елдер жауапкершілікке тартылып, соғыс кезінде келтірілген шығын үшін өтемақы төлеуі тиіс екенін айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - “АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерде елеулі ілгерілеу бар”

Өңірлік қақтығыстар және ауыр зардап

Өңірдегі шиеленіс 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы бірлескен әуе шабуылдарынан кейін ушыққан болатын. Ал Тегеран өткен аптада жарияланған екі апталық бітімге дейін жауап ретінде Израиль, Ирак, Иордания және Парсы шығанағындағы АҚШ әскери нысандары орналасқан елдерге соққы берді.

Дипломатиялық талпыныстар нәтиже бермеді

Дипломатиялық бағытта Иран мен АҚШ делегациялары жексенбі күні таңертең Пәкістан астанасы Исламабадта 21 сағатқа созылған келіссөзді аяқтады. Алайда тараптардың келісімге келе алмағаны хабарланды.

Іздеу
Оккупацияланған Батыс Шерияда израильдік қоныстанушылардың шабуылдары 63 пайыз артты
Оман жағалауында мұнай танкері шабуылға ұшырады
ЕО мен Ұлыбритания Украинаға қолдауын күшейтуде
Президент Ердоған: "Аймақта тұрақсыздыққа төзбейтінімізді досқа да, дұшпанға да жарияладық"
“Turkcell” роботтандырылған хирургиялық ота сынағын өткізді
Түркия әйелдер арасындағы волейболдан Еуропа чемпионатында Словенияны 3:1 есебімен жеңді
ЕО Украинаға 6,1 млрд еуро көлемінде әскери қолдау көрсетеді
Оман Сыртқы істер министрі Бусаиди ертең Тегеранға барады
Қазақстанда Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды
Израиль күштері Сирияның оңтүстігіне басып кірді
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті