Қазақстан мен Германия 30-дан астам коммерциялық келісімге қол қойды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев баспасөз мәслихатында жалпы құны шамамен 2 миллиард долларға жететін 30-дан астам коммерциялық құжатқа қол қойылғанын хабарлады.
Қазақстан мен Германия 30-дан астам коммерциялық келісімге қол қойды
Қазақстан президенті Қасым- Жомарт Тоқаев Германия канцлері Фридрих Мерцпен Берлинде кездесті.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германиямен жалпы құны 2 миллиард долларға жететін коммерциялық келісімдерге қол қойылғанын мәлімдеді.

Қазақстан президенті әкімшілігінің хабарлауынша, Германияға ресми сапармен барған Тоқаев ел астанасы Берлинде Германия канцлері Фридрих Мерцпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін білдірді.

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты өнеркәсіп, стратегиялық маңызы бар минералдар, көлік және логистика, цифрлық технологиялар, сондай-ақ автокөлік өндірісі және химия өнеркәсібін сияқты қосылған құны жоғары өндіріс салаларында дамытуға зор мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Сонымен қатар тараптар әсіресе «Орталық Азия – Германия» форматы аясында және халықаралық ұйымдар шеңберінде ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты.

30-дан астам коммерциялық келісімге қол қойылды

Тоқаев пен Мерц келіссөздерден кейін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев баспасөз мәслихатында жалпы құны шамамен 2 миллиард долларға жететін 30-дан астам коммерциялық құжатқа қол қойылғанын хабарлады.

Келісімдерді тиімді жүзеге асыру екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтатынын атап өткен Тоқаев Германияға сапарының келесі кезеңінде Баварияға барып, жоғары лауазымды тұлғалармен кездесетінін айтты.

Тоқаев сондай-ақ сапар аясында өтетін Қазақстан – Бавария технологиялық форумына қатысатынын мәлімдеді.

Мерцті Қазақстанға шақырды

Тоқаев келіссөздер барысында өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер де талқыланғанын айтты. Президенттің айтуынша, кез келген қақтығыс бейбіт және дипломатиялық жолмен шешілуі керек және бұл – екі елдің ортақ ұстанымы.

Тараптардың «Орталық Азия – Германия» форматындағы диалогты дамытуға да уағдаласқанын атап өткен Тоқаев Қазақстанның Германиямен ұзақ мерзімді, өзара тиімді әрі нақты нәтижелерге бағытталған стратегиялық серіктестікті нығайтуды көздейтінін айтты.

Келіссөздер соңында Тоқаев Германия канцлері Фридрих Мерцті Қазақстанға шақырды.

Тоқаев сондай-ақ Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті.

Іздеу
Түркия, Әзербайжан және Өзбекстан бірлескен әскери оқу-жаттығу өткізуде
Қазақстанда өткен әскери оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметкер қаза тапты
Түркі әлемі композиторлар одағы құрылды
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
Кавказ Ислам армиясының Бакуді азат етуінің 108 жылдығы
Түркі мемлекеттері арасында «TÜRKPOL» құрылады
Қытайдың Өзбекстан экономикасына әсері: Сауда көлемі өсуде, тапшылық артуда
6-шы Дүниежүзілік Көшпенді Ойындарының жеңімпазы -  Қазақстан
Қырғызстан мен Пәкістан екіжақты сауда көлемін 200 миллион долларға жеткізуді көздейді
Әзербайжанда қару-жарақ қоймасы жарылып, 5000 адам эвакуацияланды
Әзербайжан президенті Әлиев: «Оңтүстік Кавказ бейбітшілік аймағына айналуда»
Түркияның Түркі мемлекеттерімен сауда көлемі 10,1 миллиард долларға жетті
Өзбекстанда Кеңес дәуіріндегі саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алынуда
Қырғызстанда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді
Қазақстанда Құрылтай сайлауынан кейін үкімет таратылды
Өзбекстанда Тәуелсіздік мерекесіне орай рақымшылық жарияланды
Түркия және Қазақстан президенттері сөйлесті
Ресей мұнайы Қазақстанда өңделеді
Бішкекте көше аттары ұлттық сипатқа ие болды
Ташкентте «Әзербайжан паркі» бой көтереді