САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Санаэ Такаити парламенттің төменгі палатасын таратты
Елдің Өкілдер палатасының сайлауы 8 ақпанда өтеді.
Санаэ Такаити парламенттің төменгі палатасын таратты
Санаэ Такаити парламенттің төменгі палатасын таратты / Reuters
 

Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити 8 ақпанда өтетін мерзімінен бұрынғы жалпы сайлау үшін төменгі палатаны таратты. Бұл туралы «Kyodo» агенттігі хабарлады.

Такаитидің кабинеті жұма күні 465 орындық Өкілдер палатасын тарату туралы шешімді мақұлдады.

Кез келген партия немесе коалиция екі палаталы Жапония парламентінде премьер-министрді сайлау үшін төменгі палатада кемінде 233 орын алуы керек.

Премьер-министрлердің төменгі палатаны таратуға құқығы болғанымен мұндай қадамның заң шығару сессиясы басталған сәтте басылуы соңғы 60 жылда алғаш рет тіркеліп отыр.

Парламент таратылғаннан кейін үгіт-насихат кезеңі басталып кетті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Жапония мерзімінен бұрын сайлау өткізбек

Такаити бұл шешімін 2025 жылдың қазан айынан бері жалғасып келе жатқан премьер-министрлігі мен сол айда құрылған жаңа билік коалициясы үшін халықтан тікелей мандат алудың қажеттілігімен түсіндірді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Жапонияда алғашқы әйел премьер-министр сайланды

Либерал-демократиялық партия мен Жапонияның Жаңашылдық партиясы құрған коалиция төменгі палатада жеткіліксіз басымдыққа ие, ал Кеңесшілер палатасында әлі де азшылық күйінде қалып отыр.

Алайда төменгі палата таратылғаннан кейін небәрі 16 күн ішінде сайлау күнін белгілеуі сайлаушыларға балама ұсыныстарды салыстырып бағалауға өте аз уақыт қалдырады деген уәжбен сынға ұшырады.

Оппозициялық партиялар да 2026 қаржы жылына арналған бастапқы бюджет парламентте қабылданып үлгермей тұрып, сайлау жариялағаны үшін Такайтиді саяси мүддені алға шығарды деп айыптады.

Бұған дейінгі төменгі палата сайлауы 2024 жылғы қазанда өткен еді.

Іздеу
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
Француз сарбаздар Украинада техникалық қолдау көрсетіп жүр
АҚШ барлау қызметінің басшысы Иран тарапынан төнетін қауіптің күшейгенін ескертті
Министр Курум: «COP31-де ортақ келісімге қол жеткізуді көздейміз»
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»
Трамп APEC саммиті мен үшжақты кездесуге қатысу үшін Қытайға барды
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды