Дания әуежайында рейстер тоқтатылды
Ольборг әуежайында рейстер тоқтатылды. Апта басында Копенгаген әуежайында да ұқсас жағдай тіркелді. Әуе кеңістігінде байқалған дрондардың Ресейге тиесілі болуы мүмкін екені болжануда.
Данияның солтүстігіндегі Ольборг әуежайында әуе кеңістігінен дрон байқалуына байланысты барлық рейс уақытша тоқтатылды. Полиция бұл шараның қауіпсіздік мақсатында жасалғанын мәлімдеді.
“Nordjylland” полициясы: «Ольборг әуежайы маңында дрондар байқалды, әуе кеңістігі жабылды. Полиция оқиға орнында, тексеру жалғасуда», – деп хабарлады.
Апта басында Копенгаген әуежайында да ұқсас жағдай тіркеліп, дрон туралы хабарға байланысты рейстер уақытша тоқтатылған болатын.
Дания премьер-министрі Метте Фредериксен Копенгагендегі оқиғаға қатысты жасаған мәлімдемесінде дрондардың Ресейге тиесілі болуы мүмкін екенін жоққа шығармайтындарын айтқан еді.