ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Халықаралық жас кәсіпкерлер конгресі Стамбулда өтті
“Жас MÜSİAD” ұйымы екі жылда бір рет өткізетін Халықаралық жас кәсіпкерлер конгресі (UGİK’26) «Болашақ бүгін» тақырыбымен басталды.
Халықаралық жас кәсіпкерлер конгресі Стамбулда өтті
Халықаралық жас кәсіпкерлер конгресі Стамбулда өтті / AA

Президент аппараты жанындағы Инвестициялар және қаржы кеңсесінің басшысы Бурак Дағлыоғлу мемлекет барлық мүмкіндіктері мен саясаттары арқылы кәсіпкерлерді қолдайтынын айтып, «Өткен жылы, тек 2025 жылдың өзінде елде тек ерте кезеңдегі технологиялық стартаптарға шамамен 700 миллион доллар инвестиция салынды», — деді.

“Жас MÜSİAD” ұйымы екі жылда бір рет өткізетін Халықаралық жас кәсіпкерлер конгресі (UGİK’26) «Болашақ бүгін» тақырыбымен басталды.

Ашылу салтанатында Президент аппараты жанындағы Инвестициялар және қаржы кеңсесінің басшысы Дағлыоғлу, Тәуелсіз өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер қауымдастығының (MÜSİAD) басшысы Бурхан Өздемир, Жас MÜSİAD төрағасы Магсум Уста және UGİK атқару комитетінің төрағасы Өмер Фарук Челик сөз сөйледі.

Дағлыоғлу белгісіздік жағдайында жұмыс істеу, қиындықтарды шешу және таңдалған жолмен жүру әркімнің қолынан келмейтінін айтып,

«Мұнда көшбасшылық көрсете алатын тұлғалар қажет. Белгісіздік жағдайында алға қадам басуға кімнің батылы жетеді? Ең алдымен кәсіпкерлер. Кәсіпкерлік тек бизнесмен болумен шектелмеуі керек. Біздің президентіміз саясатта да, дипломатияда да ең үлкен кәсіпкерлік үлгінің бірі деп ойлаймын», — деді.

«Тек 2025 жылы ерте кезеңдегі технологиялық стартаптарға шамамен 700 миллион доллар инвестиция салынды»

Бурак Дағлыоғлу кәсіпкерлердің қоғамда жиі кездесе бермейтін тұлғалар екенін айтып, жақсы кәсіпкердің ең құнды ресурстардың бірі екенін атап өтті.

Дағлыоғлу кәсіпкерлік жолында мемлекет барлық мүмкіндік және саясат арқылы кәсіпкерлердің жанында екенін білдіріп, «Қазір залда халықаралық қонақтарымыз да бар. Өткен жылы, тек 2025 жылдың өзінде осы елде тек ерте кезеңдегі технологиялық стартаптарға шамамен 700 миллион доллар инвестиция салынды», — деді.

MÜSİAD басшысы Өздемир жеткізу тізбектерінің бұзылып, күш теңгерімдерінің өзгеріп жатқанын айтты.

Өздемир жас кәсіпкерлердің міндеті тек компания құру емес, жаңа қоғам модельдерін және жаңа қоғамдық түсінік қалыптастыру екенін атап өтті.

Өздемир бұрын батылдық тәуекелге бару дегенді білдіретінін айтып,

«Бүгінде батылдық — этикалық қағидаларды сақтай алу, қысқа мерзімді пайдадан бас тарта білу және әділ жүйе үшін қолданыстағы жүйе ішінде өзгеріс жасауға ұмтылу», — деді.

«Іскерлік әлемінде шынайы өзгеріс әкелетін кісілер — ең жақсы тыңдай білетіндер»

Жас MÜSİAD төрағасы Уста іскерлік әлемінде шынайы өзгеріс әкелетіндер ең жақсы тыңдай білетіндер екенін айтты.

Уста «Жақсы тыңдай алатын адам клиенттің айтпай тұрған нәрсесін түсінеді. Серіктесінің күмәнін байқайды. Командасы үндемей қалған жерде негізгі мәселені көреді. Тыңдай білу тәртібі — көшбасшылықтың бұлшық еті. Бұлшық еттер қолданылмаса әлсірейді, қолданылған сайын күшейеді», — деді.

Уста жаңа буынның өте қабілетті екенін, тез үйренетінін, батыл әрі өзіне сенімді екенін, бірақ тәжірибеде жиі кездесетін кемшіліктің шыдамсыздық екенін баса айтты.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды