ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ослодағы АҚШ елшілігінде жарылыс болды
Полиция елшілікпен байланыста екенін және ғимарат маңындағы аумақтың қауіпсіз деп танылғанын білдірді.
Ослодағы АҚШ елшілігінде жарылыс болды
Елшілік жанында такси күтіп тұрған адамдар үш қатты жарылыс естігенін білдірген. / Reuters

Норвегия астанасы Ослодағы АҚШ елшілігінде жексенбі күні таңсәріде жарылыс болды. Осло полициясы оқиғадан ешкімнің зардап шекпегенін және жарылыстың себебі әзірге белгісіз екенін хабарлады.

Полицияның мәліметінше, жарылыс жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 01:00-де болған және ғимараттың кіреберісінде «аз мөлшерде материалдық шығынға» себеп болған.

Мәлімдемеде оқиға орнында тексеру жүргізген топтардың иттер, ұшқышсыз ұшу аппараттары және тікұшақтардың көмегімен «бір немесе бірнеше ықтимал күдіктінің» ізіне түскені айтылды.

Полиция қызметкері Михаэль Деллемюр “TV2” арнасына берген сұхбатында тергеу әлі бастапқы кезеңде болғандықтан «зақымның сипаты, ненің жарылғаны және ұқсас тағы басқа жайттар туралы» пікір білдірмейтінін айтты.

Кейінірек Деллемюр “TV2” -ге берген тағы бір мәлімдемесінде «Біздің ойымызша, бұл біреудің қасақана жасаған әрекетіне ұқсайды» деді.

Полиция оқиғаға байланысты елшілікпен байланыста екенін және жарылыстан бірнеше сағат өткен соң ғимарат маңындағы аумақ «қауіпсіз» деп танылғанын мәлімдеді.

Үш жарылыс дыбысы

АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылдарына байланысты Таяу Шығыстағы АҚШ елшіліктері жоғары дайындық деңгейіне көшірілген еді.

Алайда Деллемюр Ослодағы елшілікте болған оқиғаның бұл қақтығыспен байланысты екеніне әзірге ешқандай белгі жоқ екенін айтты.

«Біз мұны қақтығыспен байланыстырмаймыз. Бұлай деуге әлі тым ерте», — деді ол.

Елшілік маңында тұратын кейбір адамдар да жарылыс дыбысын естігенін хабарлаған.

Іздеу
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді
Йемен: «Хоуситтердің Таизге жасаған шабуылдарынан 73 сағатта 33 адам қаза тапты»
Украина мәселесі бойынша Әбу-Дабиде келіссөз басталды
Қытай ІІ дүниежүзілік соғыста қаза тапқан америкалық ұшқыштардың сүйектерін АҚШ-қа тапсырды
Президент Трамп: “Иранға қарсы жаңа операция қажет емес, бірақ біз дайынбыз”
Түркия мен Өзбекстан қоршаған ортаны қорғау саласында өзара түсіністік меморандумына қол қойды
Резаи Трампты Иранның 7 талабын қабылдауға шақырды
Аныткабірде ұлы көшбасшы Ататүрікті еске алу рәсімі өтті
Фон дер Ляйен Түркия, Румыния және Болгария арасындағы ынтымақтастықты құптады
Президент Ердоған «Apple» басшысы Тим Кукты қабылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір мешітке басып кірді
COP31 қатысушылары Ататүрікті бір минут үнсіздікпен еске алды