ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
1 ... минут оқылды
Жапония жасанды интеллектіні қолдануды арттырмақ
Жапония үкіметі ел бойынша жасанды интеллектіні (ЖИ) қолдануды кеңейтетін жоспар жариялады.
Жапония жасанды интеллектіні қолдануды арттырмақ
Жапония жасанды интеллектіні қолдануды арттырмақ / Reuters

Мақсат ˗ бастапқы кезеңде халықтың 50%-ының жасанды интеллектіні пайдалануын қамтамасыз ету және уақыт өте келе бұл көрсеткішті 80%-ға дейін арттыру.

Жұма күні таныстырылған жобаға сәйкес, «Jiji Press» жасанды интеллектіні қолданудың артуы Жапонияның өз ЖИ технологияларын дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Жоспарда сондай-ақ зерттеулер мен әзірлемелерді қолдау үшін жеке сектордан шамамен 1 триллион иен (шамамен 6,4 млрд доллар) көлемінде инвестиция тарту көзделген.

Үкімет бұл бағдарламаны жыл соңына дейін өтетін Министрлер кабинеті отырысында бекітуді жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда Жапонияда жасанды интеллектіні қолдану деңгейі 26,7% ғана, ал АҚШ-та 68,8%, Қытайда 81,2% деңгейінде.

Жоба жасанды интеллектіні қоғамның барлық саласына енгізу қажеттігін, оның елдің дамуы үшін әрі интеллектуалдық негіз, әрі қолданбалы платформа қызметін атқаратын шешуші әлеуметтік инфрақұрылым екенін көрсетеді.

 

Іздеу
Израиль күштері Батыс Шериядағы  рейд кезінде 50 адамды қамауға алды
Иран күштері: «Кувейт пен БАӘ-дегі АҚШ базаларына соққы жасадық»
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Сирияға қолдауымыз жалғасады»
"Bayraktar AKINCI" нысаналарды дәл көздеп жойды
Ресей ел аумағындағы Гёте институттарының жабылатынын мәлімдеді
АҚШ әскері Тынық мұхитының шығысында есірткі тасымалдады деген күдікпен бір кемені батырды
Трамп Иранмен соғысты аяқтау мүмкіндігін қарастырып жатыр
Ресей Мәскеуге қарай ұшқан 37 дронның атып түсірілгенін мәлімдеді
Трамп: «Иранға жасалған шабуылдар Израиль мен Таяу Шығысқа көмектесу мақсатында жүзеге асырылды»
Ресей: «Украинаның логистикалық орталықтары мен кемелеріне соққы жасадық»
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
Қырғызстан мен Пәкістан екіжақты сауда көлемін 200 миллион долларға жеткізуді көздейді
Гирне жағалауында апатқа ұшыраған жолаушылар кемесінің қалдықтары табылды
"Грекия қарулы мәртебесі жоқ аралдарды қаруландырудан бас тартуы керек."
"Нашарлап бара жатқан қарым-қатынастар үшін Путиннің Жапонияны кінәлауы қабылданбайды"