САЯСАТ
2 ... минут оқылды
АҚШ сенаторлары Гренландияға байланысты заң жобасын ұсынды
Екі партияның бірлескен заң жобасы АҚШ-қа НАТО мүшелерінің аумағын олардың келісімінсіз басып алып, бақылауға алуға жол бермейді.
АҚШ сенаторлары Гренландияға байланысты заң жобасын ұсынды
АҚШ сенаторлары Гренландияға байланысты заң жобасын ұсынды / AP
 

Демократ және Республикашыл партиядан екі сенатор АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздікті сылтау етіп, Гренландияны өз бақылауына алу жөніндегі мәлімдемелерінен кейін сейсенбі күні АҚШ-тың НАТО-дағы одақтастарының шекарасын басып алуына немесе күшпен иемденуіне жол бермеу үшін заң жобасын ұсынды.

«НАТО одағын қорғау туралы заң» деп аталған бұл бастаманы демократ сенатор Джанна Шахин мен республикашыл сенатор Лиза Мурковски ұсынды.

Заң жобасына сәйкес, НАТО-ға мүше егемен мемлекеттің аумағына блокада енгізу, әскери операция жүргізу, басып алу, аннексиялау немесе өзге тәсілмен бақылауға алу мақсатында Пентагонның немесе АҚШ Мемлекеттік департаментінің қаржысын пайдалануға тыйым салынады.

Шахин мәлімдемесінде «АҚШ-тың НАТО-дағы одақтасының аумағын иемденуі немесе оған бақылау орнату үшін күш қолдануы америкалықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған одақты әлсіретеді, әрі жауларымызға пайдалы болады. Бұл заң жобасы Гренландияға қатысты соңғы мәлімдемелердің Американың ұлттық қауіпсіздік мүдделерін әлсіреткенін және Конгресте екі партия тарапынан да қарсылыққа ұшырағанын анық көрсетеді», - деді.

Ал Мурковски: «Американың ресурстарын одақтастарымызға қарсы қолдану туралы ойдың өзі қатты алаңдатады және Конгресс оны заң жүзінде толықтай жоққа шығаруы тиіс», - деп мәлімдеді.

Трамп жексенбі күні АҚШ Ресей немесе Қытай аралды алмай тұрып, АҚШ-тың Гренландияны «иеленуі» қажет екенін айтты. Бұған дейін ол Гренландияға ие болуды АҚШ-тың экономикалық қауіпсіздігі үшін аса қажет деп атап, мұны ірі жылжымайтын мүлік келісіміне ұқсатқан еді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп: “Ұлттық қауіпсіздік үшін АҚШ-қа Гренландия қажет”

Дания Корольдігі құрамындағы автономды аймақ саналатын Гренландия өзінің стратегиялық тұғыры мен мол минералдық ресурстарына байланысты АҚШ-тың назарын аударып отыр.

Дания мен Гренландия аймақты сату туралы ұсыныстарды қабылдамай, Данияның аралдағы үстемдігін қайталады.

Іздеу
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
Француз сарбаздар Украинада техникалық қолдау көрсетіп жүр
АҚШ барлау қызметінің басшысы Иран тарапынан төнетін қауіптің күшейгенін ескертті
Министр Курум: «COP31-де ортақ келісімге қол жеткізуді көздейміз»
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»
Трамп APEC саммиті мен үшжақты кездесуге қатысу үшін Қытайға барды
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды