САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді
Кездесуде ұшқышсыз ұшу аппараттары төндіретін қауіптің жаңа қауіпсіздік шындығына айналғаны атап өтілді.
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді

Балтық елдері Литва, Латвия және Эстонияның энергия министрлері маңызды энергетикалық инфрақұрылымды қорғау және төтенше жағдайларда электрмен қамтамасыз етуді тезірек қалпына келтіру мақсатында ортақ резервтік қуат құруды көздейтін декларацияға қол қойды.

Литва Энергетика министрлігінің хабарлауынша, Литва Энергетика министрі Лукас Савицкас, Латвия Климат және энергетика министрі Янис Витенбергс және Эстония Энергетика және қоршаған орта министрі Андрес Сутт Латвияның елордасы Ригада кездесті.

Кездесуде министрлер төтенше жағдайларда пайдалану үшін Балтық энергетикалық жүйесіне ортақ резервтік қуат құруды көздейтін декларацияны бекітті.

Қол қойылған декларация шеңберінде Балтық елдерінің электр берілісі жүйесінің операторлары түрлі қатерлер немесе жүйелік ақаулар кезінде электрмен қамтуды мүмкіндігінше қысқа мерзімде қайта қалпына келтіру үшін қажетті апаттық жабдықтарға ортақ сараптама жүргізеді.

Осы орайда трансформаторлар, электр бағаналары, генераторлар және басқа да резервтік жабдықтарға деген қажеттіліктер айқындалады.

Ортақ сараптамадан кейін электр берілісі жүйесінің операторлары аталған резервтік қуатты сатып алу және күтіп-ұстауды қаржыландыру үшін түрлі ұйымдардан ортақ қор талап ете алады.

Мәлімдемеде пікірі келтірілген Литва Энергетика министрі Савицкас геосаяси шиеленіс пен климаттың өзгеруі салдарынан болатын табиғи апаттардың энергетикалық инфрақұрылымға төнетін қауіп-қатерді арттырғанын айтып, ортақ резервтер мен төтенше жағдайларда үйлесімді әрекет ету туралы келісімнің энергиямен қамтамасыз ету сенімділігін арттыратынын білдірді.

Кездесуде сонымен қатар Балтық аймағы бетпе-бет келіп отырған гибридті қатерлер мен маңызды энергетикалық инфрақұрылымды қорғауға бағытталған шаралар да талқыланды.

Министрлер ұшқышсыз ұшу аппараттары төндіретін қауіптің жаңа қауіпсіздік шындығына айналғанына және ҰҰА-дан қорғану шаралары енді маңызды инфрақұрылымды қорғаудың ажырамас бөлігі болып табылатынына назар аударды.

Іздеу
Папа 14. Лео Израильдің палестиналықтарға қатысты зорлық-зомбылығын тоқтатуға шақырды
Эбола індеті Конго Демократиялық Республикасындағы ең қауіпті індетке айналды
Украинаның зымыран шабуылында Белгород облысында 6 адам қаза тапты
Түркияның қыздар волейбол құрамасы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Трамп Мекке бірлескен қорғаныс келісіміне қол қойылғанына өте қуанышты екенін мәлімдеді
Түркия Пәкістанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мәрмәр теңізі аймағындағы жер сілкінісінде қаза тапқандар Яловада еске алынды
Белсенділер Израиль қоршауындағы отбасыларға қажетті заттарды жеткізіп үлгерді
Министр Фидан Мысырға жасаған сапары туралы мәлімдеме жариялады
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Түркияның теміржол желісі кеңейді
Президент Ердоған: «Мүмкіндіктерге назар аударып, жолымызды табандылықпен жалғастырып келеміз»
Ұлттық Қорғаныс министрлігі Бейбітшілік операциясының 52 жылдығын атап өтті
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты