АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, 1 қаңтардан кейін бұл елге әскери шабуыл жасауға бұйрық беруі мүмкін екенін мәлімдеді.
Дональд Трамп «Fox News» телеарнасына телефон арқылы берген сұхбатында осы мәселеге қатысты пікір білдірді.
Ирандық келіссөз жүргізушілерді кездесулерді созбалаңға салып отыр деп айыптаған Трамп келісімге келе алмаған жағдайда, жаңа жылдан кейін бұл елге әскери соққы беру жөнінде бұйрық шығаруы ықтимал екенін жеткізді.
Трамп ирандық лауазымды тұлғалардың АҚШ-та 3 қарашада өткен аралық сайлаулардың алдындағы кезеңмен салыстырғанда анағұрлым агрессивті ұстаным танытып отырғанын алға тартып, келіссөз жүргізушілерді «кәсіби степ бишілері» деп атады.
Ирандық ресми тұлғалардың үнемі сөйлейтінін, бірақ нақты қадам баспайтынын алға тартқан Трамп жүргізіліп жатқан келіссөздердің «мәнсіз» екенін айтты.
Дональд Трамп Иранның АҚШ-тың теңіз блокадасын бұзып өтуге әрекеттену ықтималдығына да тоқталы, «Байқап көреді деп үміттенемін, әскери-теңіз күштерінің қалған бөлігі сияқты бәрі де теңіз түбіне кетеді», – деді.














