Украина президенті Владимир Зеленский Ливия жағалауында Ресейдің «MV ANGARA» құрғақ жүк тасымалдайтын кемесі мен Ресей әскери-теңіз күштеріне тиесілі «Меркурий» корветіне шабуыл жасалғанын мәлімдеді.
Зеленский әлеуметтік желідегі парақшасында Ресей армиясының Украинаға жасаған шабуылдарына жауап қайтаруды жалғастырып жатқанын айтты.
Оның мәлімдеуінше, Украина қауіпсіздік қызметі мен қауіпсіздік күштері Ливия жағалауында Ресейдің «Меркурий» корветіне шабуыл жасап, нәтижесінде кеме суға батқан.
«Корветпен бірге «Ка-27» әскери тікұшағы да жойылды», – деді Зеленский.
Сондай-ақ ол Ливия жағалауында Ресейдің «MV ANGARA» құрғақ жүк кемесіне де шабуыл жасалғанын хабарлады. Оның айтуынша, екі шабуыл кезінде Украинада жасалған, экипажсыз басқарылатын барлығы 7 теңіз аппараты қолданылған.
Зеленский Ресейдің бұл жүк кемесін қару-жарақ тасымалдау үшін пайдаланғанын айтып, шабуыл сәттері көрсетілген бейнежазбаларды жариялады.















