Ташкентте «Түркі әлемі диалогтары: Ортақ болашақ, ортақ көзқарас» атты панель өтеді
Панельдің мақсаты — Түркі Мемлекеттері Ұйымының өңірлік және жаһандық деңгейдегі беделін арттыру, түркі әлемінің ортақ көзқарасын кең аудиторияға жеткізу және елдер арасындағы академиялық, мәдени әрі қоғамдық байланыстарды нығайту.
Ташкентте «Түркі әлемі диалогтары: Ортақ болашақ, ортақ көзқарас» атты панель өтеді
Ташкентте «Түркі әлемі диалогтары: Ортақ болашақ, ортақ көзқарас» атты панель өтеді
 

Түркия президенті аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы ертең Өзбекстан астанасы Ташкентте «Түркі әлемі диалогтары: Ортақ болашақ, ортақ көзқарас» атты панель өткізеді.

Басқарманың мәліметінше, Түркі Мемлекеттері Ұйымының (ТМҰ) 13-мемлекет және үкімет басшылары саммиті 29–30 қазанда Анкарада өтеді.

Саммит қарсаңында ТМҰ-ға мүше және бақылаушы елдерде «Түркі әлемі диалогтары: Ортақ болашақ, ортақ көзқарас» атты панельдер ұйымдастырылып жатыр.

Осы панельдердің үшінші жиыны ертең Ташкентте өтеді. Түркия президенті аппараты жанындағы коммуникация басқармасының басшысы Бурханеттин Дуран қатысушыларға бейнеүндеу жолдайды.

Жиынның мақсаты — ТМҰ-ның өңірлік және жаһандық деңгейдегі танымалдығын арттыру, түркі әлемінің ортақ көзқарасын әртүрлі аудиторияға жеткізу, сондай-ақ елдер арасындағы академиялық, мәдени және қоғамдық байланыстарды нығайту.

Сонымен қатар жиында Анкарада өтетін ТМҰ-ның 13-саммитіне қатысты мәселелер де талқыланады.

Іздеу
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»
«Украинамен 1,6 миллиард долларлық келісімге қол жеткізу бағытында ілгерілеушілік бар»