ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Армения Түркияның Ағры тауының суретін паспорт мөрінен алып тастады
Түркия Республикасы мен Армения арасындағы шекара 1921 жылы Карс келісімі бойынша белгіленген.
Армения Түркияның Ағры тауының суретін паспорт мөрінен алып тастады
/ AA

Армения үкіметі елге кіру және шығу кезінде паспорттарға қойылатын мөрден Ағры тауының бейнесін алып тастау туралы шешім қабылдады.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 2025 жылдың 1 қарашасынан бастап Ағры тауының бейнесі бар мөр қолданылмайды.

Ағры тауы Түркия аумағында, Армения шекарасына жақын орналасқан.

“X” әлеуметтік желісінде жарияланған жазбада Армения Еңбек және әлеуметтік істер министрі Арсен Торосян жаңартылған мөрде тек шекарадан өту туралы мәліметтер ғана болатынын, қосымша суреттер болмайтынын айтты. Бұл көптеген ел ұстанатын тәжірибеге сәйкес келеді.

Армения билігі шекаралық мөрлерден Ағры тауының бейнесін алып тастау арқылы көрші елдерге қауіпті хабарламалар жібермеуді көздегенін мәлімдеді.

Бұрыннан келе жатқан дау

2023 жылы Франция бір француз шенеунігінің Ағры тауының суретімен жариялаған жазбасын қорғаған болатын. Ал бұл болса ультраұлтшыл армяндардың аумақтық амбицияларын қолдағандай көрінді.

Сол кезде Парижде Сыртқы істер министрлігінің баспасөз мәслихатында Франция Ағры тауы Арменияға тиесілі деп санай ма?, француз шенеуніктері бұл мәселе бойынша «қате ақпарат алған ба?» немесе мұндай жазба түрік халқын ренжітетінін білмеді ме? деген сұрақ қойылған еді.

«Ағры тауы Армения жағынан қарағанда символдық көрініс болып табылады, өйткені ол шекараға жақын орналасқан», – деп жауап берді баспасөз хатшысы Анна-Клэр Лежандр.

Түркияның сыны

Түркияның Армениямен диалог жөніндегі арнайы өкілі Сердар Кылыч таудың Түркия шекарасының ішінде екенін атап өтті.

«Құрметті министр, суреттегі тау – Түркия шекарасында орналасқан Ағры тауы, сондықтан ол Түркияның ажырамас бөлігі болып табылады», – деген еді Кылыч.

Іздеу
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Газадағы атысты тоқтату туралы үндеу тастады
АҚШ пен Иран арасындағы тығырық «Қырғиқабақ соғысқа”  ұқсас бір кезеңге айналып барады
Парсы шығанағы елдерінің басшылары Иран соғысы басталғалы бері Джиддада алғашқы саммитін өткізді
Украина Туапсе мұнай өңдеу зауытына шабуылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір баланы жаралап, тағы бір баланы ұстап алып кетті
Израиль Ливанның оңтүстігінде төрт адамды өлтірді
Ицхак Герцог мінген ұшақ  Қазақстанға  ұзақ айналма бағыт арқылы жетті
АҚШ Иран әуе компанияларына қолдау көрсететін кәсіпорындарға санкция салатынын ескертті
Түркия экспортты арттыру және жаһандық инвестиция тарту үшін ауқымды реформа бастауда
Индонезияның Батыс Ява уәлаятында болған пойыз апатынан 14 адам қаза тапты
Жевдет Йылмаз: «Түркия инвестициялық ортаны күшейтуде»
Еуропа Иран соғысы салдарынан энергияға қосымша 32 млрд доллар жұмсады
Түркия мұсылман қоғамдардың айқындаушы актер болуы керектігін білдірді
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тоқтату үшін Тегеран не ұсынып отыр?
Израиль Ливанның оңтүстігінде 14 адамды өлтірді