Аустралияда қарулы шабуыл: үш адам қаза тапты
“ABC News” дерегінше, шабуыл жасаған адам әлі қолға түспеген.
Аустралия полициясы бейсенбі күні Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында болған қарулы шабуыл салдарынан кемінде үш адамның қаза тапқанын, тағы бір адамның жараланғанын хабарлады. Полицияның мәліметінше, күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.
Оқиға Жаңа Оңтүстік Уэльс штатына қарасты Лейк-Карджеллиго ауданында болған. Полиция шабуылдың себептері әлі анықталып жатқанын мәлімдеді.
Жаңа Оңтүстік Уэльс полициясының хабарлауынша, Лейк-Карджеллиго аумағында қарулы шабуыл туралы ақпарат түскеннен кейін тергеу басталған. Шамамен 1 500 тұрғыны бар елді мекендегі бір мекенжайға жедел қызмет өкілдері жіберілген.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, екі әйел мен бір ер адам оқиға орнында көз жұмған. Тағы бір ер адам ауыр, бірақ жағдайы тұрақты күйде ауруханаға жеткізілген.
Полиция оқиғаға қатысты қосымша ақпарат берген жоқ.
Ресми мәлімдемеде тұрғындарға оқиға орнына жақындамау, ал жергілікті тұрғындарға қауіпсіздік мақсатында үйлерінен шықпау ұсынылды. Қазіргі уақытта аумақ қоршауға алынып, оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.